«Мемлекеттік тілде білім беру – бұл тек тіл үйрету емес, ол баланың ұлттық болмысын, мәдениетін, дүниетанымын қалыптастырудың негізі. Балабақша – тұлғаның алғашқы әлеуметтік ортасы болғандықтан, дәл осы кезеңде қазақ тілінде еркін ойлап, сөйлей алатын орта қалыптастыру аса маңызды. Бұл болашақта саналы, елжанды ұрпақ тәрбиелеудің басты тетігі деп есептеймін», – дейді Қарлығаш Тасмұхамбетова.
«Менің басты ұстанымым – әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, оның қабілетін ашуға мүмкіндік беру. Балаларға тек білім беріп қана қоймай, мейірімділікке, жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу маңызды. Тәрбие мен білім әрдайым қатар жүруі керек деп есептеймін. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру үшін ойын технологияларын, ән, тақпақ, ертегі, сахналық қойылымдарды кеңінен қолданамын. Күнделікті қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізіп, балаға тілдік ортада еркін сезінуге жағдай жасаймын. Ең бастысы – тілді үйретуді қызықты әрі табиғи процесс ету», – дейді ол.
«Әр баланың мінезі әртүрлі. Олардың көңіл күйіне бейімделу, эмоциясын түсіну – бұл жұмыстың күрделі тұсы. Ал, ең қуаныштысы – баланың жетістігін көру, оның алғаш рет жаңа нәрсені үйренгендегі қуанышы. Балалардың шынайы күлкісі мен сенімі – мен үшін ең үлкен мотивация», – дейді тәжірибелі маман.
«Мені осы мамандыққа балаларға деген сүйіспеншілік пен олардың дамуына үлес қосуға деген ниет жетеледі. Ұстаз болу – тек мамандық емес, ол үлкен миссия деп білемін. Әр баланың болашағына ықпал ету мүмкіндігі мені шабыттандырады. Жас мамандарға ең алдымен сабырлы болуды, өз ісін сүюді және үнемі ізденісте болуды кеңес берер едім. Балалармен жұмыс – үлкен жүректі талап етеді. Сондықтан әр баланы түсініп, қолдап, сенім арта білу өте маңызды. Өз біліміңізді үнемі жетілдіріп отырсаңыз, кәсіби жетістікке жетесіз» – деп Қарлығаш апай жас мамандарға ақыл-кеңесімен бөлісті.
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
Бүгін Қостанайда өткен ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Денисов ауданының педагогы Баян Достанова облыс әкімінің…
В районе стартовал отопительный сезон. (далее…)
Праздничное мероприятие ко Дню учителя в Аулиекольском районе началось необычно. (далее…)
This website uses cookies.