Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда

Қамысты ауданында мал шаруашылығының өндірістік базасын сақтау және саланы одан әрі дамыту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Дегенмен, малдың жекелеген түрлері бойынша мал басының азаюы байқалады

Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, қазіргі таңда аудандағы ірі қара мал саны 14,3 мың басты құрады. Бұл 2025 жылдың алты айындағы көрсеткіштен 700 басқа төмен. Сондай-ақ шошқа саны 1,7 мың басқа дейін азайған. Ал жылқы, ұсақ мал және құс саны керісінше өсім көрсетіп отыр. Атап айтқанда, ауданда 6,1 мың жылқы, 18,7 мың ұсақ мал және 30,1 мың құс бар. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіштер сәйкесінше 5,9 мың, 18,6 мың және 29,5 мың басты құраған.

Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы аясында белгіленген 10 нысаналы көрсеткіштің үшеуінің орындалғаны атап өтілді. Соның ішінде шаруашылықтардың барлық санатында ірі қара және ұсақ мал басын көбейту міндеті қамтамасыз етілген.
Қалған көрсеткіштер бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, белгіленген межелерге қол жеткізу үшін қосымша шаралар қабылдамақ.

Сонымен қатар қазіргі уақытта шаруашылықтардың бірі жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізу үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастырып жатыр. Жоба аясында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 150 млн теңге көлемінде қаржы тарту жоспарланып отыр.

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, бұл қаражат мал шаруашылығындағы өндірістік қуатты сақтап, оның одан әрі дамуына мүмкіндік бермек.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суретті түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

7 часов назад

Урок мужества: с девятиклассниками Тобыла встретился ветеран МВД

Павел Щедрин более 25 лет заведовал музеем департамента полиции. (далее…)

8 часов назад

В селе Денисовка подходит к концу осенний сезон цветочного оформления

Подрядная организация ИП «Пастушок» приступила к финальной уборке клумб и очитке территорий. (далее…)

10 часов назад

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

13 часов назад

Денисовские спортсмены завоевали золото на областном турнире «Ауыл Спорт – 2026» и отправятся на республику

В Костанае подвели итоги областного этапа соревнований «Ауыл Спорт – 2026». (далее…)

14 часов назад

This website uses cookies.