23 тамыз 2026 жылы Қазақстанда тарихи маңызы бар оқиға болды. Алғаш рет қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлады. Азаматтар бір палаталы Парламентте қай партиялар және қанша мандатпен ұсынылатынын анықтады.
Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысына сәйкес, жаңартылған органда бес партия өкілдік етеді. «Әділет» партиясы – 71,17% (6 528 948 дауыс), 110 мандат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11% (469 058 дауыс), 8 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26% (574 621 дауыс), 10 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21% (478 083 дауыс), 8 мандат, Respublica партиясы — 5,56% (509 631 дауыс), 9 мандат.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, барлығы 9 352 151 адам дауыс берген. Қостанай облысында сайлаушылардың келу көрсеткіші 76,47% болды.
Құрылтай алғашқы депутаттары болып Қостанай облысынан 4 адам сайланып отыр. Олар – «Әділет» партиясы атынан Екатерина Смяшляева, Наталья Рамазанова, Шота Оспанов, Respublica партиясы атынан Айдарбек Ходжаназаров.
Құрылтай депутаты болып сайланған жерлестеріміздің арасында Шота Оспанов – Торғай өңірінің тумасы. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар Шота Сәбитбекұлы бұған дейін Жангелдин ауданын басқарған, Қостанай облысы әкімінің оңтүстік өңірлер жөніндегі кеңесшісі болды.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеде 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Осыдан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды.
Жаңа Конституция бір палаталы Парламент – Құрылтайды қарастырады. Оның құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Қамысты ауданында мал шаруашылығының өндірістік базасын сақтау және саланы одан әрі дамыту бағытында жұмыстар жалғасып…
По информации районного отдела образования, на сегодняшний день более трёх сотен школьников удостоены внимания не…
На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…
Нәтижелі жұмысы үшін бірқатар ұстаздар марапатталды (далее…)
Рейдтердің нәтижесінде 12 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған (далее…)
При этом Костанай продолжает расти: за полгода число жителей областного центра увеличилось почти на 1,5…
This website uses cookies.