Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді. Қазірдің өзінде өңірдегі білім беру ұйымдарында 2 500-ден астам ағаш пен бұта отырғызылған.

Бүгін кішкентай қолымен алма көшетін отырғызған оқушы бірнеше жылдан кейін сол ағаштың жемісін жеп, көлеңкесінде демалуы мүмкін. Тіпті есейгенде мектепке келіп, өз балаларына осы ағашты қалай еккенін айтып беруі де ғажап емес. Қамысты ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектептің ауласында өткен экологиялық акция осындай ізгі ниеттен бастау алды. Мұнда оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар бірігіп, 30 түп алма және шие көшетін отырғызды.

Бұл – Қостанай облысында жүзеге асып жатқан «Менің аулам – менің бағым» жобасының кезекті нәтижесі. Бастаманың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының аумағын көгалдандырып қана қоймай, балалардың бойында табиғатқа жанашырлық пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

№2 Қамысты жалпы білім беретін мектептің директоры Ақбидай Жеңісханның айтуынша, мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәні зор. Өйткені ағаш отырғызу – бір күндік акция емес, оны күтіп-баптап, өсіп-жетілуіне жауапкершілікпен қарауды талап ететін еңбек.

«Туған жерге деген сүйіспеншілік құр сөзден емес, нақты істерден басталады. Өз қолыңмен ағаш отырғызу, оған күтім жасау, мектебіңнің аумағын абаттандыру – мұның бәрі туған өлкеңе деген қамқорлықтың нақты көрінісі», – дейді мектеп директоры.

Жобаның ауқымы да жыл санап кеңейіп келеді. Бүгінде оған өңірдегі жүзден астам білім беру ұйымы қатысуда. Олардың қатарында мектептермен бірге колледждер мен жоғары оқу орындары да бар. Бастапқыда 1 000 көшет отырғызу жоспарланғанымен, қатысушылар бұл межеден асып түсті. Қазірдің өзінде 2 500-ден астам ағаш пен бұта егілген. Оның 2 100-ден астамы алма ағашы. Сонымен қатар мектеп аулаларында алмұрт, алхоры, шие және өрік көшеттері де тамыр жайып келеді.

Мұндай бақтар балалар үшін тек демалыс орны ғана емес, білім алатын ерекше ортаға айналмақ. Мәселен, оқушылар ағаштардың өсуін бақылап, топырақтың құрамы мен климаттық жағдайлардың өсімдікке әсерін зерттей алады. Биология, география және жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік бар. Яғни мектеп ауласындағы әрбір ағаш – оқушы үшін шағын зерттеу нысаны. Оның қалай бүршік ататынын, қашан гүлдейтінін, қандай күтімді қажет ететінін бақылау арқылы балалар табиғат заңдылықтарын тереңірек түсінеді. Ал көшеттерді бірлесіп күтіп-баптау оларды еңбекке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке баулиды. Осы бағытта білім беру ұйымдарының табиғат қорғау мекемелерімен байланысы да нығайып келеді.

Акцияға қатысқан оқушылардың бірі Назар Мұхамбетуәли үшін де бұл күн ерекше есте қалмақ. Ол өз қолымен отырғызған көшетінің өсіп, жеміс бергенін көргісі келеді.

«Осындай экологиялық іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Енді осы талыма күтім жасайтын боламын», – дейді оқушы.
Алдағы бес жылда Қостанай облысындағы мектеп бақтарының санын 400-ге жеткізу көзделген. Сонымен қатар отырғызылатын ағаштар саны 6 мыңнан асуы тиіс. Алайда бастаманың нәтижесі егілген көшеттердің санымен ғана өлшенбейді. Ең маңыздысы, олардың жерсініп, жайқалып өсуі.

Сондықтан әрбір ағаштың күтімі педагогтер мен оқушылардың бақылауында болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер №2 Қамысты жалпы білім беретін мектебінен алынды

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

1 час назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

1 час назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

1 час назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

2 часа назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

3 часа назад

Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…

1 день назад

This website uses cookies.