Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ ауылдарында жаңа медициналық нысандар бой көтеруі мүмкін.
Жангелдин ауданында ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта 2027-2028 жылдары үш ауылда жаңа медициналық пункт салу жоспарланған. Қазір нысандардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде ауданда тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін мекемелер желісі жұмыс істеп тұр.
Қазір ауданда 23 төсектік аудандық аурухана, 30 төсектік күндізгі стационар және бір ауысымда 50 адамды қабылдайтын емхана бар. Сонымен қатар 17 медициналық пункт пен екі фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді. Медициналық ұйымдарда 15 жоғары білімді дәрігер мен 80 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Дегенмен, маман тапшылығы саланың өзекті мәселесі болып отыр.
«Медицина саласында кадр тапшылығы бар. Атап айтқанда, хирург дәрігерге қажеттілік бар. Ауылдық жерлерде Көлқамыс және Шұбалаң медициналық пункттеріне фельдшер қажет», – деді Дінмұханбет Бидашев.
Аудан басшысының айтуынша, медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілмек. Осы бағытта Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ ауылдарында 2027-2028 жылдары жаңа медициналық пункттер салу жоспарланған.
«Қазіргі таңда аталған нысандардың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде», – деп атап өтті аудан әкімі.
Жаңа медициналық пункттер салынса, шалғай ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі арта түспек. Сонымен қатар аудан алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – білікті мамандар тарту және медицина қызметінің сапасын жақсарту.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер газет архивінен және ӨКҚ алынды
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
This website uses cookies.