Қамыстыда өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтілді

Рейдтердің нәтижесінде 12 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Өткен жылы 150 мың гектар аумақты шарпыған ірі дала өрті Қамысты ауданында өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуге себеп болды. Биыл аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және өртке жедел ден қоюға ерекше көңіл бөлініп отыр.

2025 жылғы 31 тамызда Жангелдин және Қамысты аудандарының аумағында ірі дала өрті болып, шамамен 150 мың гектар жерді шарпыған еді. Осы жағдайдың тәжірибесі ескеріліп, биыл елді мекендер мен далалық аумақтарды қорғау бойынша превентивті шаралар күшейтілді.

Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, негізгі басымдық – өрттің алдын алу.

«Өткен жылы болған ірі дала өрті бізге өрт қаупі жоғары кезеңге алдын ала әрі жан-жақты дайындалудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан биыл негізгі назарды тек өртті сөндіруге емес, оның алдын алуға бағыттап отырмыз. Елді мекендердің қауіпсіздігі, қажетті техниканың дайындығы, жанар-жағармай қоры және ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жұмысы тұрақты бақылауда», – деді Ерлан Жаулыбаев.

2026 жылдың басынан бері Қамысты ауданында төрт өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 11 болған. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 12 өрт тіркелген.

Сонымен қатар, өрт ретінде есепке алынбайтын, бірақ өрт қаупін тудыратын 10 жағдай анықталған. Оның ішінде шөптің, қоқыстың, сабанның және басқа да өсімдік қалдықтарының жануы бар. Өткен жылы мұндай 15 жағдай болған.

Биыл дала өрттерінің орман алқаптарына өтуіне жол берілмеген. Қазір аудандағы өрт жағдайы тұрақты.

«Қазіргі көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда оң динамиканы көрсетіп отыр. Дегенмен, бұл босаңсуға негіз емес. Даладағы құрғақ шөп пен қатты жел өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан профилактикалық жұмыстарды өрт қаупі жоғары кезең аяқталғанға дейін жалғастырамыз», – деді аудан әкімі.

Өрт болған жағдайда жедел әрекет ету үшін аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 19 меморандум жасасқан. Олардың аясында қажет болған жағдайда 36 бірлік арнайы техниканы өрт сөндіру жұмыстарына тарту қарастырылған.

Ауданда алты тонна дизель отынының қоры қалыптастырылған. Бұдан бөлек, техниканы үздіксіз пайдалануға қажетті жанар-жағармай материалдарына қосымша қаражат көзделген.

«Өртпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ауданымыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де бұл бағыттағы жұмыстарға белсенді атсалысып келеді. 19 меморандум аясында 36 бірлік техниканы тартуға мүмкіндік бар. Бұл – қажет болған жағдайда өрт ошағына барынша жылдам жетіп, оны бастапқы кезеңде оқшаулауға мүмкіндік беретін маңызды ресурс», – деді Ерлан Жаулыбаев.

Ауданда ерікті өрт сөндіру қызметін дамытуға да басымдық беріліп отыр. Қазіргі уақытта аудан аумағында төрт өрт сөндіру пункті жұмыс істейді.

13 шілдеде Клочков ауылында «Ауыл құтқарушылары» атты жаңа ерікті өртке қарсы құралым құрылды. Оның жауапкершілік аймағына Клочков және Алтынсарин ауылдары кіреді. Бұл елді мекендерде 1,5 мыңнан астам адам тұрады.

«Кейбір елді мекендер аудан орталығынан едәуір қашық орналасқан. Мұндай жағдайда алғашқы минуттардың маңызы өте зор. Клочков ауылында құрылған “Ауыл құтқарушылары” осы тұрғыдан үлкен көмек көрсетеді. Еріктілердің дайындығы мен материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, қазан айына дейін Қарабатыр ауылындағы өрт сөндіру пунктін жаңғырту жоспарланған.

Өрттің алдын алу мақсатында аудан әкімдігі азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп, күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізіп келеді. Бақылау барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да пайдаланылады.

Мамандар құрғақ шөпті, тұрмыстық қатты қалдықтарды, өсімдік қалдықтарын және өртке себеп болуы мүмкін өзге де материалдарды жағу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. Себебі шағын ғана өрт ошағы желдің әсерінен қысқа уақытта үлкен аумаққа таралуы мүмкін.

2026 жылдың басынан бері жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 12 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде екі факт бойынша жалпы сомасы 83 мың теңге болатын әкімшілік айыппұл салынған.

Жауапты органдар тұрғындарды табиғат аясында және елді мекендер маңында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Әсіресе құрғақ шөпті, қоқысты, сабан мен басқа да өсімдік қалдықтарын бақылаусыз жағу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Қамысты ауданында өрт қаупі жоғары кезең аяқталғанға дейін арнайы техниканың дайындығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының жұмысы, рейдтік бақылау және әуеден мониторинг жүргізу жалғаса береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Наурзумском районе отремонтируют 25 км проблемной трассы до села Киевка

На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…

36 минут назад

Население Костанайской области сократилось почти на две тысячи человек с начала года

При этом Костанай продолжает расти: за полгода число жителей областного центра увеличилось почти на 1,5…

4 часа назад

В КХ «Надежда» Узункольского района делают ставку не на площади, а на урожайность

Там  занимаются и селекционной работой, предпочитая огромным посевным площадям качество и урожайность зерновых культур. И…

19 часов назад

На каждые 10 браков в Костанайской области приходится шесть разводов

За первое полугодие 2026 года в регионе зарегистрировали 2 183 брака и 1 309 разводов…

20 часов назад

В стабфонде Костанайской области остается 11,7 тысячи тонн продуктов и почти 20 млн яиц

Запасы продолжают пополнять к зимне-весеннему периоду. Только овощей уже законтрактовано 3,6 тысячи тонн, еще примерно…

21 час назад

This website uses cookies.