Жангелдин ауданында тамыз кеңесінде білім саласының жаңа оқу жылындағы міндеттері талқыланды

Нәтижелі жұмысы үшін бірқатар ұстаздар марапатталды

Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Биылғы басқосудың тақырыбы – «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі». Екі күнге жоспарланған кеңес 20–21 тамызда Торғай ауылында ұйымдастырылды.

Кеңестің алғашқы күні педагогтердің пәндік және бағыттық секцияларына арналды. Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінде өткен кездесулерде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және шетел тілдері, тарих және құқық негіздері, география, математика мен физика, биология, химия, жаратылыстану, информатика, технология, көркем еңбек, музыка, бастапқы әскери даярлық және дене шынықтыру бағыттары бойынша мұғалімдер бас қосты.

Бастауыш сынып және мектепке дейінгі тәрбие педагогтері де жеке секцияларда тәжірибе алмасты. Сонымен қатар мектеп директорлары мен олардың орынбасарларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға, кәсіптік бағдар беру мамандарына, әлеуметтік педагогтер мен психологтарға, кітапханашыларға арналған арнайы секциялар ұйымдастырылды.

Кәсіби кездесулер барысында педагогтер өткен оқу жылындағы жұмыстарды саралап, өз бағыттары бойынша тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ жаңа оқу жылында білім сапасын арттыруға бағытталған міндеттер талқыланды.

21 тамызда Тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті. Жиын қонақтарды тіркеу және көрмені тамашалаудан басталып, ресми бөлімге ұласты.

Пленарлық отырыста Жангелдин ауданының білім бөлімінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы «Жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде сапалы білім мен адами капиталды дамыту: Жангелдин ауданының білім жүйесінің 2026–2027 оқу жылындағы басым міндеттері» тақырыбында баяндама жасады.

Ол алдағы оқу жылында ауданның білім беру жүйесі алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталып, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағыттарын атап өтті.

Қостанай облысының орта білім беру бөлімінің бас маманы Бәтима Сейдахметова «Сапалы білім – адами капиталды дамытудың басты құндылығы» тақырыбында сөз сөйледі.

Ал Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Айгүл Әбдіғапар «Нәтижелі мектеп: сапалы білім, кәсіби педагог, табысты оқушы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Рсалды Смайлова «Жаңа дәуір мұғалімі: технология, тәжірибе және адами құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі педагогке қойылатын талаптар мен жаңа технологияларды оқу процесінде тиімді пайдаланудың маңызына тоқталды.

Жиында Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев та сөз сөйлеп, білім саласына салынған инвестицияның маңызын атап өтті. Оның баяндамасы «Білімге салынған инвестиция: сапалы орта, тең мүмкіндік және басқарушылық жауапкершілік» тақырыбына арналды.

Тамыз кеңесінде білім беру саласының бірнеше маңызды бағытына басымдық берілді. Атап айтқанда, сапалы білім беру, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, нәтижелі мектеп қалыптастыру, адами капиталды дамыту және білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мәселелері талқыланды.

Жиын соңында білім саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Саладағы еңбегі мен нәтижелі қызметі үшін бірқатар педагогтар Қостанай облысы әкімінің, Қостанай облысы білім басқармасының, аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар жыл бойы нәтижелі еңбек етіп, кәсіби қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 10 педагогке «Жыл үздігі» атағы берілді.

Білім беру ұйымдары арасында «Үздік ұйым – 2026» атағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебіне табысталды.

Марапатталған ұстаздарға салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай ынталандыру сыйлықтары да табысталды.

Тамыз кеңесі жаңа оқу жылына арналған жоспарларды нақтылап қана қоймай, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына және білім беру саласындағы ортақ міндеттерді айқындауына мүмкіндік берді. Алқалы жиында айтылған ұсыныстар мен басым бағыттар аудан мектептерінің 2026–2027 оқу жылындағы жұмысына негіз болмақ.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер аудандық білім бөлімінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Наурзумском районе отремонтируют 25 км проблемной трассы до села Киевка

На проект выделяется более 2,6 миллиарда тенге, а сам ремонт включает укрепление основания дорожного полотна…

29 минут назад

Қамыстыда өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтілді

Рейдтердің нәтижесінде 12 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған (далее…)

3 часа назад

Население Костанайской области сократилось почти на две тысячи человек с начала года

При этом Костанай продолжает расти: за полгода число жителей областного центра увеличилось почти на 1,5…

4 часа назад

В КХ «Надежда» Узункольского района делают ставку не на площади, а на урожайность

Там  занимаются и селекционной работой, предпочитая огромным посевным площадям качество и урожайность зерновых культур. И…

19 часов назад

На каждые 10 браков в Костанайской области приходится шесть разводов

За первое полугодие 2026 года в регионе зарегистрировали 2 183 брака и 1 309 разводов…

20 часов назад

В стабфонде Костанайской области остается 11,7 тысячи тонн продуктов и почти 20 млн яиц

Запасы продолжают пополнять к зимне-весеннему периоду. Только овощей уже законтрактовано 3,6 тысячи тонн, еще примерно…

21 час назад

This website uses cookies.