Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және жастарды салауатты өмір салтына баулу – Қамысты ауданындағы маңызды бағыттардың бірі.
Соңғы жылдары спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге, балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік жасауға басымдық беріліп келеді.
Бүгінде Қамысты ауданында 76 спорт нысаны жұмыс істейді. Жыл басынан бері 253 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 7 мыңнан астам тұрғын қатысты. Бұл аудан халқының спортқа деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Спорттың болашағы – жас ұрпақтың қолында. Осы мақсатта аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 400-ге жуық бала спорттың түрлі бағыттары бойынша жаттығып жүр. Жас спортшылардың жетістіктері де көңіл қуантады. Биыл төрт тәрбиеленуші спорт шеберіне кандидат нормативін орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Аудан спортшылары облыстық және республикалық жарыстарда да Қамыстының намысын абыроймен қорғап келеді. Әсіресе волейбол мен еркін күрестен бақ сынаған спортшылар жүлделі орындардан көрініп жүр. Соның бір дәлелі – Қостанай облысының чемпионатында аудан құрамасының бірінші орын иеленуі.
Аудандағы спорт саласы үшін биылғы жылдың айтулы жаңалығы – «Қамысты Арена» сауықтыру-дене шынықтыру орталығы құрылысының аяқталуы. Жаңа нысанның ашылуы ауданның спорттық өміріне тың серпін беріп, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Аудан басшылығының айтуынша, «Қамысты Арена» – жай ғана спорт ғимараты емес, өскелең ұрпақтың денсаулығына, жастардың спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды инвестиция.
– Біз үшін «Қамысты Арена» – тек жаңа нысан ғана емес. Бұл – болашақ ұрпағымыздың саулығына, спорттық резервті дамытуға және белсенді, салауатты өмір салтын ұстанатын жастарды тәрбиелеуге салынған инвестиция. Жасалып жатқан жағдайлар жас спортшыларымыздың қабілетін шыңдап, алдағы уақытта облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда Қамысты ауданының атынан лайықты өнер көрсетуіне мүмкіндік береді деп сенемін, – дейді аудан әкімі.
Спортқа жасалған жағдай – салауатты қоғамның негізі. Сондықтан Қамысты ауданында қолға алынған жұмыстардың басты мақсаты – бұқаралық спортты кеңінен насихаттап қана қоймай, әр тұрғынға белсенді өмір салтын таңдауға мүмкіндік беру. Ал жаңа спорт орталығы осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Юные футболисты прославляют имя спортивного наставника своими достижениями. (далее…)
Сара Хұсайынқызының өнегелі ғұмыры. (далее…)
В государственном природном резервате «Алтын Дала», расположенном в Амангельдинском и Джангельдинском районах Костанайской области, продолжается…
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
This website uses cookies.