Торғайда халықтың алғысын арқалаған мемлекеттік қызмет ардагері

Сара Хұсайынқызының өнегелі ғұмыры.

Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы еңбектің ең үлкен бағасы – халықтың алғысы. Ақкөл ауылының тумасы, мемлекеттік қызмет ардагері Сара Хұсайынқызының өмір жолы – адалдық пен жауапкершіліктің, елге қызмет етудің жарқын үлгісі.

«Апа, сіздің арқаңызда балаларымызды оқытып алдық қой…» Бұл – Сара апайдың жылдар бойы атқарған еңбегіне берілген халықтың шынайы бағасы. Кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсеткен ол бүгінде сол аналардың ризашылығын ерекше жылылықпен еске алады. «Мен сендерге қалтамнан ақша берген жоқпын ғой», дегенде, олардың «Апа, сіз әділ болдыңыз ғой» деп жауап беруі – оның қызметтегі басты ұстанымының айқын көрінісі.

Сара Хұсайынқызы 1951 жылы 19 наурызда Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Әкесі ерте қайтыс болып, анасы бес баланы жалғыз тәрбиеледі. Жоқшылық пен еңбекке толы ауыл тіршілігі оны жастайынан төзімділікке, жауапкершілікке баулыды.

1958 жылы Ақкөлдегі мектепке барған Сара 1969 жылы еңбек жолын аға пионер жетекшісі болып бастады. Кейін Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінде білім алып, 1974 жылы дипломын иеленді. Туған ауылына оралып, география пәнінің мұғалімі, кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

1979 жылы ауылдық кеңестің атқару комитетіне жауапты хатшы болып тағайындалып, мемлекеттік қызметке ауысты. Ақкөлдегі еңбек жылдарында ауылдық кеңестің облыс көлемінде жоғары көрсеткішке жетуіне үлес қосты. 1981 жылы облыстық атқару комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталуы – ауыл болып атқарған еңбектің нәтижесі еді.

1986 жылы Торғай ауылына қоныс аударып, атқару комитетінің жауапты хатшысы, кейін әкімшілік аппаратында бас маман болып қызмет етті. Әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік қиындықтар кезінде оның жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеті айқын көрінді.

Ол кезде Торғайда тоғыз мыңнан астам тұрғын, 1300-ге жуық отбасы тұрды. Үш жүзге жуық отбасы әлеуметтік көмекке мұқтаж еді. Сара Хұсайынқызы әр үйдің жағдайын біліп, көмекке зәру жандарды анықтап, бөлінген қаражаттың әділ үлестірілуіне күш салды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, талай отбасының қиындықты еңсеруіне қолдау көрсетті.

1986 жылдан 2007 жылға дейін жауапты хатшы және бас маман қызметтерін атқарған ол 2007 жылдың шілдесінен бастап ауыл әкімінің орынбасары болды. 2009 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген Сара апай жолдасы Жарасбай Мұхатовпен бірге екі бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде бес немеренің қызығын көріп отырған ардагер үшін отбасының амандығы мен ұрпақ тәрбиесі – өмірінің басты байлығы.

Сара Хұсайынқызы үшін ең қымбат марапат – қызметтік атақ немесе төсбелгі емес, кезінде қолдау көрсеткен жандардың бүгінгі алғысы. Өйткені жылдар өтсе де, адамға жасалған жақсылық пен адал еңбектің ізі ұмытылмайды. Оның өнегелі ғұмыры – осының дәлелі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Сурет кейіпкердің жеке архивінен алынды

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

В Карасу прошёл футбольный турнир памяти детского тренера Марата Нургалиева.

Юные футболисты прославляют имя спортивного наставника своими достижениями. (далее…)

58 секунд назад

Қамыстыда спортқа серпін берілді

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және жастарды салауатты өмір салтына баулу – Қамысты ауданындағы…

7 минут назад

В Костанайской области восстанавливают популяцию куланов и лошадей Пржевальского

В государственном природном резервате «Алтын Дала», расположенном в Амангельдинском и Джангельдинском районах Костанайской области, продолжается…

2 часа назад

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

19 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

19 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

19 часов назад

This website uses cookies.