Қамыстыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 384 абаттандыру кемшілігі жойылды

Қамысты ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Биыл негізгі назар абаттандыруды іске асыруға және анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған. Сәуір айында облыс аппараты жүргізген мониторинг барысында ауданда абаттандыру мәселелері бойынша 605 кемшілік анықталған. Бүгінде оның 384-і, яғни 63 пайызы жойылды.

Аудан орталығы – Қамысты ауылында жұмыс толық аяқталған. Мұнда анықталған 141 кемшіліктің барлығы жойылды. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, нәтижеге көшелерді ұйымдар мен мекемелерге бекіту тәжірибесі оң әсер еткен. Олар өздеріне қарасты аумақтардың тазалығы мен абаттандырылуына тұрақты түрде жауап береді.

Арқа ауылында да жұмыс аяқталуға жақын. 54 ескертудің 53-і орындалып, көрсеткіш 98 пайызға жетті. Бұл жұмыстарға шаруа қожалықтары мен аудандық мәслихат депутаттары белсенді қатысты. Алтынсарин ауылында «Алтынсарин» ЖШС-нің шефтік көмегімен 81 кемшіліктің 68-і жойылды. Орындалу деңгейі – 84 пайыз. Қалған мәселелерді 1 қарашаға дейін шешу жоспарланып отыр. Қарабатыр ауылында 42 ескертудің 31-і орындалды, бұл – 74 пайыз. Қалған жұмыстар бақылауда.

«Аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі – пайдалануға жарамсыз, тозығы жеткен және авариялық нысандарды жою. Анықталған 605 кемшіліктің 171-і осындай ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға қатысты. Қазіргі уақытта 27 нысан толықтай бұзылды, тағы 44 нысанда консервация жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, бөгде адамдардың нысандарға кіруіне жол берілмейді», – дейді Қамысты ауданы әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Жыл соңына дейін тағы 50 нысанды бұзу жоспарланған. Сонымен бірге 50 нысан әлі де проблемалы күйінде қалып отыр және олар бойынша қосымша шешімдер қажет.

Негізгі қиындық – ірі көлемдегі капиталды ғимараттардың болуы. Мұндай нысандарды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз күштерімен бұзу мүмкін емес. Мәселен, Бестөбе және Адаевка ауылдарында екі қабатты ірі ғимараттар бар. Оларды бұзу үшін арнайы техника мен мердігер ұйымдарды тарту қажет. Бұл мәселені Аралкөлі ауылдық округінің әкімі Мейрамхан Бекмұхамедов те растап отыр.

«Аралкөл және Достық ауылдарындағы жағдай да күрделі. Мұнда жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны аз, олардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі. Бұдан бөлек, кейбір ғимараттардың конструкциялық ерекшеліктері, соның ішінде темірбетон құрылымдары, демонтаж жұмыстарын қиындатады», – дейді Мейрамхан Бекмұхамедов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда қоқыс шығаратын жеке кешен іске қосылды

Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)

19 часов назад

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 дня назад

В Камыстинской районной больнице продолжают привлекать молодых специалистов

Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)

2 дня назад

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

3 дня назад

Қамыстыда медицина мамандарына баспана беріліп, мұғалім тапшылығы шешіліп жатыр

Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…

3 дня назад

This website uses cookies.