Науырзымда жаңа баспанаға жол ашылды

Тұрғын үй мәселесі – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамту – мемлекет назарындағы басым міндеттердің қатарында. Осы бағытта Науырзым ауданында тұрғын үй қорын толықтыруға бағытталған маңызды жоба қолға алынды.

2026 жылы ауданда 31 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жаңа баспана халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға кейіннен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында бой көтермек.

Жобаның басты мақсаты – тұрғындардың баспана жағдайын жақсарту ғана емес, ауданның тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен жаңартып, заманауи әрі жайлы өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптастыру.

– Тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету – аудан әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Биыл Науырзым ауданында 31 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысының басталуы – ауданымыз үшін айтулы жаңалық. Бұл жоба ең алдымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған, – дейді аудан әкімінің орынбасары Ержан Қоқышев.

Оның айтуынша, жаңа тұрғын үйдің бой көтеруі баспанаға мұқтаж азаматтарға үлкен мүмкіндік беріп қана қоймай, ауданның тұрғын үй қорын кеңейтіп, инфрақұрылымын дамытуға да оң ықпал етеді.

– Біздің мақсатымыз – тұрғындарға жайлы жағдай жасап, азаматтардың өз баспанасына қол жеткізуіне нақты мүмкіндік қалыптастыру. Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүргізілуі аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді ол.

Жобаны іске асыру бойынша мердігер ұйым – «ЖанельМедФарм» ЖШС. Жобаның жалпы құны 652 млн 969 мың 996 теңгені құрайды.

Аталған нысанның бой көтеруі ауданның тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек. Ең бастысы, жаңа пәтерлердің пайдалануға берілуі әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

31 пәтер – 31 отбасы үшін жаңа мүмкіндік, жаңа мекен, жаңа өмірге бастар қадам. Бұл жоба Науырзымда тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты істердің бірі болмақ.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

4 часа назад

Денисов ауданының жұмыспен қамту деңгейі артып келеді

Жыл басынан бері Денисов ауданы аумағында 46 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан (далее…)

5 часов назад

Науырзымның мектептерінде алғашқы қоңырау үні естілді

Ауданымызда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтіп, жаңа оқу жылына алғашқы қадам…

23 часа назад

Жители мкрн “Байтерек” в Тобыле возмутились начислениями за горячую воду во время ее отключения

По словам людей, в августе у них отключали горячую воду, однако в общей группе в…

23 часа назад

Қамыстыда 131 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады

Қамысты ауданында жаңа оқу жылы ерекше көңіл-күймен басталды. Биыл аудан бойынша 131 бүлдіршін алғаш рет…

24 часа назад

This website uses cookies.