Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат Байменов вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктін басқарады.
Қарапайым слесарьдан басшылық қызметке дейін көтерілген маман үшін басты міндет – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1980 жылы дүниеге келген Жанат Байменов еңбек жолын әртүрлі салаларда бастағанымен, 2004 жылы теміржол саласына келіп, осы кәсіпті өмірлік мамандығына айналдырды. Ол Тобыл станциясындағы Қостанай вагон пайдалану депосында жұмыс істеп, кейін Железорудный станциясында слесарь қызметін атқарды. Уақыт өте келе кәсіби тәжірибесін шыңдап, жоғары дәрежелі вагон қараушы, кейін сегіз жыл аға қараушы болды.
«Теміржол саласы – қиындығы көп, күрделі сала. Қыстың қарлы бораны мен жаздың ыстық күндерінде жұмыс екі есе ауырлайды. Вагондарға тиелген әр жүкке жауаптымыз. Жүкті уақытында жөнелту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», – дейді Жанат Байменов.
2021 жылы ол өндірістік оқыту шебері қызметіне ауысып, төрт жыл бойы жас мамандарды даярлауға үлес қосты. Ал 2025 жылдың мамырында Арқа станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы болып тағайындалды.
Бүгінде оның негізгі міндеттері – вагондардың техникалық жағдайын бақылау, ақауларды дер кезінде анықтау және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қадағалау. Өйткені теміржолдағы әрбір тексеріс пен қабылданған шешім пойыздардың қауіпсіз қозғалысына тікелей әсер етеді.
Жанат Байменовтің отбасы да теміржол саласымен байланысты. Жұбайы Назгүл Ерғонысқызы да осы салада еңбек етеді. Ерлі-зайыпты екі бала тәрбиелеп отыр.
Жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болған теміржолшы жұмыстың басты нәтижесі қауіпсіздік деп санайды. Оның кәсіби ұстанымы да осыған негізделген: өз міндетіңе жауапкершілікпен қарау, әр вагонның техникалық жай-күйін мұқият тексеру және адам өмірінің қауіпсіздігін бірінші орынға қою.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттер кейіпкердің өзінен алынды
Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…
Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
9 октября отмечают День почты – рассказываем об Аксане и Марине, которые стали не только…
This website uses cookies.