Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды.
Енді Жангелдин және Амангелді аудандарының, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы балалар заманауи жабдықтармен оңалту емін ала алады.
Жангелдин ауданында ерекше медициналық көмекті қажет ететін 33 бала бар. Олардың онына балалар церебральды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған. Бұған дейін ауданның жеті баласы реабилитациялық ем алған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған өңірлерде медициналық оңалтуды қажет ететін 300-ден астам бала есепте тұр. Жаңа бөлім олардың қажетті емді жақын жерден алуына мүмкіндік береді.
Орталық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ашылды. Мұнда балалардың қозғалыс мүмкіндігін жақсартуға, денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға бағытталған оңалту шаралары жүргізіледі.
Жаңа бөлімнің ашылуы нәтижесінде 20-дан астам адам жұмыспен қамтылды.
Осылайша, Арқалықтағы оңалту орталығы Торғай өңіріндегі балалар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…
Дело об административном правонарушении в отношении него прекратили, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
В рамках проекта «Связь поколений» Райхан Арыстанова рассказала ученикам о своем профессиональном пути и важности…
Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылында теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Жанат…
9 октября отмечают День почты – рассказываем об Аксане и Марине, которые стали не только…
This website uses cookies.