«Қамысты» логотипі бар қоқыс контейнерлері қолданысқа енгізілмек.
Қамысты ауданында ауқымды экологиялық және инфрақұрылымдық модернизация басталды. Өңірде толықтай жеке инвестиция есебінен жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен көң қоймасы салынады. Сондай-ақ аудан тұрғындары үшін «Қамысты» логотипі бар арнайы қоқыс контейнерлері қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев хабарлады.
Экологиялық бағыттағы ең маңызды жобаны жүзеге асыру үшін аудан әкімдігі ақтөбелік «Тазалық-2015» жеке кәсіпкерлігімен меморандумға отырған. Құны 50 миллион теңгеге бағаланған жобаның жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта жер телімі анықталып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Тарифтер бекітілгеннен кейін инвестор тұрғындармен орталықтандырылған қоқыс шығару бойынша келісімшарттар жасай бастайды.
«Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін инвестор «Қамысты» логотипі бар арнайы қоқыс контейнерлерін саудаға шығарады, оның құны – 7 мың теңге. Сонымен қатар әлеуметтік міндеттемелер аясында компания аудандағы мұқтаж және әлеуметтік осал санаттағы 30 отбасыға бұл контейнерлерді тегін орнатып береді», – деді аудан әкімі.
Ерлан Жаулыбаев өңірдегі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалу барысына да тоқталды. Сәуір айында облыс әкімі аппараты жүргізген мониторинг нәтижесінде ауданда абаттандыру талаптарын бұзу бойынша 607 кемшілік фотоға тіркелген болатын. Бүгінгі таңда оның 284-і толықтай жойылды. Әсіресе, аудан орталығы жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Қамысты ауылында анықталған 141 бұзушылықтың 127-сі ретке келтірілген. Басшылық бұған әр көше мен қоғамдық аумақты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітіп, дербес жауапкершілікті енгізу арқылы қол жеткізгенін айтады.
Жыл басынан бері ауданда 53 сенбілік және «Тазару күні», «Мөлдір бұлақ» сынды 8 ірі экологиялық акция ұйымдастырылды. Тұрғындарға 2,9 мыңнан астам ескерту-хабарлама таратылды. Сонымен қатар Telegram-дағы «Таза Қазақстан» чат-боты мен WhatsApp-тағы «Местное сообщество» тобы арқылы келіп түскен 85 өтініштің барлығы 100 пайызға орындалды. Ереже бұзғандарға 228 ескерту беріліп, жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден асатын 168 әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, маусым айынан бастап бұл жұмыстарға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 25 сарбазы қосылды. Шілде және тамыз айларында тағы 50 сарбаз жұмылдырылмақ. Жастар бағдарламасына жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлінген.
Биыл ауданда ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар мен абаттандыру шаралары жоспарланған. Соның ішінде 27 парк пен сквер жөндеуден өтеді, 100 көше шамы орнатылып, 4,5 шақырым көше жарықтандырылады, 20 тозығы жеткен және қараусыз қалған ғимарат бұзылады (9 нысан сүрілді), Талдыкөл, Дружба және Қамысты ауылдарында жеке инвестиция есебінен 3 балалар алаңы салынады.
Ауданды көгалдандыруға биыл 26 миллион теңге (15 млн теңге бюджет, 11 млн теңге демеушілер) бағытталды. Қамыстыда 20 мың гүл, қалған 8 ауылда 7,5 мың гүл мен 1 500 көшет егілді. Аудан басшысы қазіргі басымдық көшет санына емес, оларды суару және күтіп-баптау жұмыстарына беріліп отырғанын атап өтті.
Аудан орталығында құны 816 миллион теңге болатын «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, орталық алаңды реконструкциялау аясында «Тәуелсіздік» монументі бой көтеріп, Құдайқұлов көшесінде екі проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды.
Ең бастысы, ауданда тұңғыш рет инженерлік инфрақұрылымы толық тартылған жаңа тұрғын үй шағын ауданының құрылысы басталды. Биыл 49 пәтердің құрылысы мен реконструкциясына 928 миллион теңге қаралған. Демеушілер есебінен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың 150 үйінің қоршауын сырлау да жоспарда бар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттер аудан әкімдігінен алынды
- И это не удивительно, - считает руководитель ГКП «Центр обучения языкам акимата Узункольского района»…
Об этом «Нашему Костанаю» только что сообщили родные Жанузака Аязбековича. (далее…)
Это был настоящий праздник не только для сотрудников новой пожарной части, руководства области и района…
Возможно, это напоминание мало кого испугало. (далее…)
Общий объем инвестиций превысит 49 млрд тенге, будет создано 250 новых рабочих мест. (далее…)
26 июня в областном художественном музее Костаная впервые в рамках масштабного межмузейного эксперимента свои уникальные…
This website uses cookies.