Қамысты аудандық мәдениет үйінің жанынан «Жайылма» халық театры құрылды.
Өнер ұжымы аудан әкімдігінің қолдауымен жасақталып, алғашқы қойылымға дайындық жүргізуде. Театрдың көркемдік жетекшісі – аудандық мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Кәрімұлы.
Театр құрамына мәдениет және білім саласының мамандары енді. Олардың қатарында домбыра үйірмесінің жетекшісі Мәди Байзақов, музыка пәнінің мұғалімі Асылхан Байжан, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Толқын Айтымағанбетова, математика пәнінің мұғалімі Ақбидай Жеңісхан, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дильяра Әлмұхамедова, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Самал Мырзабекова және ақпарат бөлімінің әдіскері Ермек Төлебергенов бар.
Қазіргі таңда халық театр ұжымы Лидия Егембердиеваның «Көресіні көрмей…» шығармасын сахналауға дайындық жүргізуде. Алғашқы қойылым сәуір айының ортасында көрермен назарына ұсынылады.
– Жастарды өнерге тарту, Қамысты мәдениетінің дамуына үлес қосу мақсатында театр құрылды. Алдағы уақытта театр құрамын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, — дейді Еркебұлан Кәрімұлы.
Театрдың сахналық безендірілуі мен әртістердің киімдері облыстық қазақ драма театрының қолдауымен және жергілікті тұрғындардың көмегімен дайындалуда.
Театр атауы Қамысты ауданының байырғы атауы – Жайылма жеріне байланысты қойылған. Қазақстанның Құрметті журналисі, соғыс ардагері Қасымхан Алдабергеновтің айтуынша, «Жайылма – Тобылдың бастауы. Сол жерде үлкен алаң бар, көктемде су келгенде жайылып кетеді. Жайылма атауы содан қалған».
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Жуырда ғана қаралған істердің бірінде азамат жұбайына қатысты жүйелі түрде балағаттап, қол жұмсағаны үшін әкімшілік…
В первом квартиале этого года на территории нашего района произойдут значительные изменения в системе контроля…
Первое возгорание произошло в селе Челгаши, где огнём уничтожена половина жилого строения. (далее…)
Қарасу ауданының орталығында «Шапағат» клубы өз жұмысын бастады. (далее…)
Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашевтің төрағалығымен Торғай ауылында халыққа есеп беру жиыны өтті. (далее…)
Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол…
This website uses cookies.