Ауыл медицинасында еңбек еткеніне қырық жыл.
Қысы-жазы, аптап ыстық пен сарышұнақ аязда да ауыл тұрғындарының денсаулығына сақшы болған кісілердің бірі – Күзенбаева Гүлсара Көкешқызы.
Қамысты ауданы Арқа ауылының фельдшерлік-амбулаториялық пунктінде талай жылдан бері тапжылмай еңбек етіп келе жатқан бұл жанды жергілікті халық ерекше сыйлайды. Алдағы ақпан айында оның медицина саласында жүргеніне тура 40 жыл толады.
Гүлсара Көкешқызы 1983-1987 жылдары Қостанай медициналық училищесінде білім алған. Оқуды аяқтай салысымен, еш ойланбастан сүйікті ісіне білек сыбана кірісіп кетеді.
«Бала күнімнен осы мамандықты ерекше жақсы көруші едім. Ойластан-ақ медицинаны таңдадым. Сондан бері, міне, қырық жылға жуық уақыт өтіпті. Өзіме өте ұнайды. Күнде таңертең жұмысқа ерекше көңіл-күймен барамын, ешқашан шаршап немесе жалыққан емеспін», – дейді ауыл фельдшері.
Еңбек жолын ол кезде «Красный Октябрь» деп аталатын қазіргі Арқа ауылының Үшкөл бөлімшесінен бастаған. Кейін Филипов бөлімшесінде аз-кем жұмыс істеп, соңғы отыз жылдан астам уақытын осы Арқа ауылының тұрғындарына арнады.
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, 1990-жылдардағы нарық қысқан қиын-қыстау кезеңде айлап айлық төленбей калған күндер де болды. Бірақ Гүлсара Көкешқызы бір сәтке де кәсібін ауыстыру туралы ойламады.
«Тоқсаныншы жылдары айлық бермей, қысылған кездің өзінде медицинаны тастап кетемін деген ой басыма келмепті. Басқа жұмысқа ауысу туралы тіпті ойланған да жоқпын. Ақ халатты кию – бұл менің жүрек қалауым болатын», – деп еске алады еңбек ардагері.
Бүгінгі таңда Арқа ауылының амбулаториясы танымастай өзгерген. Кешенді жөндеуден кейін ғимарат кең, жарық әрі жылы. Ауыл фельдшерінің күнделікті жұмыс ырғағы әртүрлі: Күзге және қысқа қарай емделушілер көбейсе, жаз айларында саябырсиды. Тұрғындар көбіне процедура бөлмесіне келеді, екпе мен вакцина алады, жеке қабылдауға жазылады. Ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау, ем-дом тағайындау күнделікті әдеттегі ырғақпен өтеді.
Еңбекте абройлы болған кейіпкеріміз отбасында да үлгілі ана, ардақты әже. Екі ұл өсіріп ұядан ұшырды. Ұлдарының екеуі де Қостанай қаласында тұрады, өз салаларында табысты еңбек етіп келеді. Үлкен ұлы отбасын құрып, кейіпкерімізге екі немере сүйіп отыр.
Зейнет жасына дейін әлі де 5 жыл бар. Ал бойында қуаты, жүрегінде мамандығына деген ыстық махаббаты бар Гүлсара Көкешқызы жұмысын ары қарай да жалғастыруға дайын.
«Маған зейнетке шығуға бес жыл бар. Денсаулығым болса, халық үшін еңбек ете беремін. Жұмысқа әрқашан мерекеге келгендей қуанышпен келемін», – деп түйіндеді сөзін ауыл тұрғындарының сүйікті дәрігері.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті жолдаған кейіпкер
Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр. (далее…)
Мероприятие прошло в рамках проекта «Государственный социальный заказ услуг по организации работы в рамках ресоциализации…
30 июля сотрудники ОФ «Жанашыр бол» и представитель правоохранительных органов лейтенант полиции Манарбек Амитов встретились…
Жер астынан шыққан қайнар. (далее…)
На огнезащитную обработку деревянных конструкций кровли в 20 учебных заведениях района выделено 2 млн тенге.…
Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)
This website uses cookies.