Арқалық қаласында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында шағын және орта бизнес өркендеп келеді.
Әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтарға арналған қолдау жобалары олардың өз ісін бастауына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Соның айқын дәлелі – «Бастау Бизнес» жобасы. Бұл бағдарлама бойынша қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылып, 400 АЕК-ке дейінгі грант алуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде жыл сайын Арқалықта ондаған жаңа бизнес нысандары ашылып, тұрғындар тұрақты табыс көзіне ие болуда.
Солардың бірі – Гүлсая Кеңерал, Арқалық қаласындағы тігін ісін жолға қойған жас кәсіпкер. ІІІ топ мүгедегі бола тұра, ол былтыр мемлекеттік грантқа қатысып, 939 500 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды. Осы қаражаттың көмегімен тігін цехын ашып, бүгінде «Айна» сауда орталығында табысты жұмыс істеп отыр.
– Денсаулығыма байланысты алғашқыда грантқа өтпедім, бірақ берілмей, екінші рет кәсіби бағыт бойынша тапсырып, жеңімпаз атандым. Сол арқылы екі тігін машинасын, қайшы, өлшеуіш және өзге де құрал-жабдықтарды алып, өз кәсібімді бастадым. Денсаулығымда қиындықтар болғанымен, мойымадым. Қазір мектеп формасына арналған жакеттер мен жалға берілетін костюмдер тігемін, – дейді кәсіпкер Гүлсая Ақылбекқызы.
Гүлсаяның табандылығы мен еңбегі – Арқалықтағы жастарға үлгі. Ал «Бастау Бизнес» жобасы сияқты мемлекеттік бағдарламалар өңірдің экономикалық дамуына және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)
101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…
В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)
В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)
Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді. (далее…)
This website uses cookies.