Арқалықта әуежай құрылысы шілде айының соңында аяқталады

Құрылысы 19,5 млрд теңгені құрайды.

Арқалықта әуежайды қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған әуе айлағы енді толықтай жаңартылып, қайта іске қосылмақ.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаның жалпы құны 19,5 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «СтройЭлитДом» ЖШС жүргізіп жатыр.

Жоба аясында әуежайдың негізгі инфрақұрылымы толық жаңғыртылады. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағы қайта салынып, рульдеу жолы мен перрон жөнделеді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай жаңа аэровокзал кешені бой көтереді. Жаңа терминал сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсете алады.

Мамандардың айтуынша, құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін әуежайды пайдалануға беру және тұрақты әуе рейстерін іске қосу кезеңі басталады.

Алғашқы кезеңде Астана, Қостанай және Алматы қалаларына тұрақты рейстер ашу көзделген. Бұл бағыттар өңір тұрғындары үшін қатынасты жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Арқалық әуежайын қалпына келтіру бастамасы алғаш рет 2024 жылдың қазан айында көтерілген болатын. Жоба жүзеге асқан жағдайда, қаладағы көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп күтілуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Чистота под контролем: кто и как наводит порядок в Лисаковске

Город готовится к большому сезону санитарной очистки. (далее…)

1 час назад

Аркалык наводит лоск: на обкос городских территорий выделено более 11 миллионов тенге

Работы охватят не только центральные парки, но и отдаленные дворовые территории, а также обочины магистральных…

3 часа назад

В Раздольной общеобразовательной школе Наурзумского района работают десять молодых специалистов, выбравших село

Нехватка учителей в настоящее время в Наурзумском районе является одной из самых актуальных и острых…

5 часов назад

Денисов ауданында асық ату мен бес асықтан облыстық чемпионат өтті

Жуырда Денисов ауданында ұлтты спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Оған 2016-2018 жылдары туған…

6 часов назад

This website uses cookies.