Арқалық әуежайы алғашқы рейсті қабылдауға дайын
Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Жөндеуден өткен әуе айлағы барлық қажетті сертификаттаудан өтіп, өңірлік ұшақтарды қабылдауға толық дайын. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, нысан келесі құжаттарға ие болды. Авиациялық қауіпсіздік сертификаты; аэронавигациялық қызмет көрсету сертификаты; аэродромның жарамдылық сертификаты.

22 тамызда әуежай алғашқы Астана – Арқалық және Арқалық – Астана бағытындағы рейсті қабылдайды. Ал 1 қыркүйектен бастап Арқалықтан Астана, Алматы және Қостанай қалаларына тұрақты әуе қатынасы басталады.
Ұшу кестесі мен билет бағасы:
• Жиілігі: Рейстер аптасына 2 рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
• Арқалық – Астана: 10 000 теңге
• Арқалық – Қостанай: 10 000 теңге
• Арқалық – Алматы: 25 000 теңге
Бұл бағалар мемлекеттік қолдау аясында енгізілген жеңілдетілген (субсидияланған) тарифтер бойынша белгіленген.
Шұға Қоңқабай
Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31