Қарасу ауданында қостанайлық ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауға арналған жоба жүзеге асуда

«Көркемсөз шебері» жобасын «Достық» мәдениет үйі директорының көркемдік, шығармашылық жағынан орынбасары Бердімұрат Сайлаубек 2016 жылы қолға алыпты.

Қазыналы Қостанай өлкесі – қазақ мәдениеті пен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан талантты ақындар мен жазушылар туған қадірлі мекен. Осындай құнарлы топырақтан шыққан Тобыл-Торғай перзенттерінің әдеби мұраларын бүгінгі ұрпақ жатқа біле ме? Мінекей осы сауал жауапсыз қалмау үшін, жерлестеріміздің шығармаларын жас буынға насихаттау үшін Қарасу ауданында «Көркемсөз шебері» деген әдемі жоба жүзеге асуда.

-2015 жылы қызмет бабымен Қарасу ауданындағы мәдениет үйіне келдім. Бұл жобаны 2016 жылы қолға алдым. Алғашында ауылдардағы өлең жазатын, ақындық қабілеті бар балалардың арасында өткіздім. Ешкімді бөліп жармай орысша және қазақша, екі тілде сөйлейтін талапкерлерге еркіндік бердік. Поэзия, проза туындыларын көркем тілмен баяндап, мәнерлеп оқи білу, сахнада өзін еркін ұстай алу қабілетті назарға алынды. Қабілет-қарымы бар балаларды іздеп тауып, олардың бойындағы шығармашылықты дамытуға сеп болуға тырыстық,-деп түсіндірді жоба авторы Бердімұрат Сайлаубек.

Тағы бір тамаша тұсы – жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңірек насихаттауды көздейді. Жобаны бастауға түрткі болған да осы ой екен. Жүзеге асып келе жатқанына биыл 10 жыл болады. Он жылдағы нәтижені тізбектесек көңіл марқаяды. Жыл сайын қатысушылар саны өсуде. Бұл жоба тек аудан көлемінде ғана ұйымдастырылған еді. Биылдан бастап облыстық деңгейде өтеді деген жоспар бар. Мінекей, сол кезде жобаға Қостанай облысына қарастық барлық аудандардың үміткерлері қатыса алады. Бұған дейін бақ сынаған қарасулық жастардың бір шоғыры бүгінде өздері де шығармашылық жолына түскен. Кейбірі осы тектес жобаларды ашып жатыр. Бұл да бір нәтиже.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған – Бердімұрат Сайлаубек

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдықтар ұлық мерекеміз наурызды тойлады

Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)

7 часов назад

Наурыздағы бәйгеде Өлеңді ауылы топ жарды

Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…

7 часов назад

Торғайдағы Ақкөл ауылы Наурызды бұрынғының салтымен қарсы алды

Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)

8 часов назад

Науырзым ауданы: Наурыз мейрамы аясында дәстүрлі «Алтын бауырсақ» фестивалі өтті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…

8 часов назад

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

1 день назад

Умеют узункольцы креативно и с пользой для дела помочь сельчанам

Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…

2 дня назад

This website uses cookies.