Қарасулық ардагер-шахматшы Алмат Момбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жүлдесіне арналған шахмат турнирінің облыстық кезеңінде жеңіске жетті.
Қостанайда ардагер-шахматшылар арасындағы дәстүрлі республикалық турнирдің биылғы маусымы бастау алды. Оған облыстың барлық аудан-қалаларынан 54 адам тіркелді. Ең егде жастағы қатысушылар – 90 жастағы Юрий Соколов пен 88 жастағы Асхат Закиров. Турнирдің ашылуында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов пен облыстық мәслихаттың депутаты Динара Өтебаева сөз алып, алғашқы ойынды бастап берді. Алғашқы кезеңнің қорытындысында қарасулық шахматшы Алмат Момбаев жеңіске жетті.
Турнир іріктеу сипатында өрбіді. Қостанайлық шахматшы ардагерлердің ең үздіктері, 17 ер мен үш әйел адамға Сенат кубогының ¼ финалына жолдама берілді. Келесі іріктеу ойыны биылғы жылдың 17-мамырында облыс орталығында өтпек. Алда әлі алты кезең бар.
Еліміздегі әуесқой ойыншылар арасындағы ауқымды жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен өңірлік сайыс. Одан ұтқан үздіктер жартылай финалға жолдама алады. Іріктеуден сүрінбей өткен кіл мықтылар Астана қаласындағы қорытынды жарысқа аттанады. Турнир әлі жалғасуда.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті Қарасу аудандық спорт бөлімі жолдады.
Науырзым ауданында қазақ аруларына арналған аудандық байқау өтті. (далее…)
Ауданымызда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті. (далее…)
В районном доме культуры состоялись праздничный концерт и церемония награждения женщин за вклад в…
Пятого марта журналистам региона показали новый реабилитационный центр для детей, который ранее был резиденцией всех…
Бронзовая медаль республиканского турнира — результат упорных тренировок и спортивного характера. (далее…)
Есть профессии, о которых говорят с особым уважением. Акушерка - одна из них. Именно её…
This website uses cookies.