“Науырзым Аруы” атағын Айгүл Исабаева жеңіп алды

Науырзым ауданында қазақ аруларына арналған аудандық байқау өтті.

Қазақ аруларының бойында ұлттық тәрбиені қалыптастыру аясында,  аудан орталығындағы қыздар арасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымызда «Науырзым Аруы – 2026» аудандық байқауы өтті.  Аталған шараны аудандық тілдерді дамыту орталығы, аудандық орталық кітапхана, аудандық мәдениет үйі және жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Байқаудың басты мақсаты ұлттық құңдылығымызды насихаттау, бұрымды қыздарымыздың шығармашылық қабілетін дамытып, сахна мәдениетін жетілдіру және қазақ қызының көркем бейнесін дәріптеу болып табылады.
Осы байқауға ауданымыздың 17-25 жас аралығындағы бұрымды қыздарымыз қатысып, жеңіс үшін 5 қыз өз өнерлерін көрсетіп, өзара сынға түсті. Сонымен қатар, қазылар алқасына әр қатысушыға киіміне, әшекей бұйымына қатысты сұрақтар қойып, қатысушы қыздар мүдірмей ұтымды жауап берді. Аруы қыздарымыздың киімдері өте ерекше, бірінен бірі өткен керемет болды десек болады.
– Шараны өткізу арқылы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, аруларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіру және қазақтың әдет-ғұрыптарын насихаттауды көздедік. Байқауға қатысушылар бар өнерлерiн барынша ашып көрсетуге тырысты. Жиналған қауымды олардың бірі монолог оқуымен тамсандырса, ал екіншілері мың бұралған биімен таңғалдырып жатты. Сайыс өте жақсы өтті деген ойдамын. Бұл байқау ауданымызда биыл екінші рет өтіп жатыр. Жиылған қалың көермендерде, өз ықыластарын білдіріп, қошемет көрсетіп, қатысушыларға қолау білдіріп жатты. Бұның өзінен аудан халқының өнерге деген құрметтері. Барлық қатысушылар мықты дайындықпен келді. Алғысымыз шексіз, – деді Айнұр Хаудан.
Жарыс болғасын әрине жеңіс біреу болатыны анық. Байқау қортындысы бойынша “Қазақи ару” номинациясы Мереке ауылынан келген Мадина Зайырова иеленсе, “Сымбатты ару” номинациясы Раздольный Құңдызай Алтынбек, “Ақылды ару” номинациясы Шолақсай ауылының аруы Сания Бектимисова иеленді, “Креативті ару” номинациясы Әйгерім Серікбаева берілсе, осы байқаудың бас жүлдесі “Науырзым аруы -2026” атағын қарамеңділік  аруымыз Айгүл Исабаева жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоларды түсірген автор
Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 часов назад

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

7 часов назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

7 часов назад

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

2 дня назад

This website uses cookies.