«Железнодорожное – АМФ» ЖШС меморандум аясында 2026 жылы Железнодорожный ауылындағы Горький көшесін өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге кірісті.
Кәсіпкер осы жылдың мамыр айында көше бойына 7,5 млн теңгеге еуро қоршау орнатты. Одан кейін, яғни, маусым-шілде айларында «ЭПК-форфайт» ЖШС-мен 15 тірек және 15 жарықтандыру шамын орнату жөнінде құны 7,0 млн теңгелік келісім-шарт жасапты. Қазіргі күні көшені жарықтандыру шаруасы 90%-ке орындалып, іске қосу және баптау шаралары жүргізілуде. Ұзындығы 700 метр болатын осы көшеге шілде және тамыз айларында асфальт төсеу жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 35 миллион теңге.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың бір парасы осындай. Жергілікті ЖШС басшысы ауылдың бір көшесін қамқорлығына алып, өз қаражаты есебінен жолын жөндеп, қоршауын орнатып, жарықтандырумен қамтамасыз етуде.
– Қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде мемлекет пен жеке сектордың өзара серіктестігі тиімді құрал. Маңызды инфрақұрылымды жаңғырту арқылы ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік аламыз,-деп хабарлады Октябрь ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Қарашев.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті Октябрь ауылдық округінің әкімдігі жолдады
История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…
В Костанае состоялась еженедельная сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі». (далее…)
Они достойно защитили честь Костанайской области на международном конкурсе «AgroLeague-2026». (далее…)
В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…
В селе Енбек Александровского сельского округа Костанайского района планируют отремонтировать улицы Новая, Набережная и Целинная.…
В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…
This website uses cookies.