Қарасуда өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына беруде

Қарасу ауданында өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде білім алуға ынта білдіруде.

Бұл сөзімізге аудан орталығындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі дәлел.

Білім ордасының бастауыш сынып мұғалімі Назигүл Сүйіндікова жетекшілік ететін 4-сыныпта Каролина Базалевская есімді украин қызы мен Екатерина Жаломская есімді орыс ұлтының қызы оқиды. Екеуі де қазақшаға судай.

– Қазіргі шәкірттерімді 1-сыныпқа қабылдап алып, алғаш әріп үйреттім. Сол балалар бүгінде 4-сыныпта оқып жүр. Араларында өзге этнос өкілдерінің перзенттері де бар. Мысалы Каролина есімді оқушымның ұлты украин. Ал Екатерина орыс қызы. Екеуі де алғыр, елгезек. Сабақ үлгерімдері көңілден шығады. Қатарынан қалыспай, мемлекеттік тілде тамаша сөйлейді. Алғашқы жылдардан бастап қазақ тілін іліп әкетті,-деді сынып жетекшісі Назигүл Мұратқызы.

Каролина Базалевская көп балалы отбасынан шыққан. Мектепішілік іс-шаралардан қалмай қатысады. Би және спорт үйірмесіне барады, «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына, «Кеңгуру» халықаралық ойын байқауына онлайн режимде қатысып, бақ сынағанды жақсы көреді. Ал Екатерина Жаломская сыныптың белсенді оқушысы. Ол Қарасу ауылындағы «Нұр сәби» балабақшасында тәрбиеленген. Таза мемлекеттік тілде білім беретін мектепте сауат ашып, қазіргі күні қазақ тілін толық меңгеріп алды. Сынып жетекшісі Катяның сөйлеу мәнері, дыбыстарды бұзбай таза айтуы бәрі тамаша деп бағалап отыр. Балақай сабақтан тыс уақытында өнер мектебіндегі би үйірмесіне барады. Катяның ата-анасы да мектеп өміріне зор ықыласпен араласып, баласына қолдау білдіруде. Аталған екі оқушы ата-аналарының қалауымен қазақ сыныбында білім алуда. Мұның өзі мемлекеттік тілге деген құрметтің бір белгісі деп ұғындық. Мемлекеттік тіл Қазақстан халқын біріктіруші фактор екенін осындай ізгі жандардың қарапайым іс-әрекеттері-ақ дәлелдеп беруде.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті сынып жетекшісі жолдады

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

7 часов назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

7 часов назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

8 часов назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

10 часов назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

10 часов назад

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

10 часов назад

This website uses cookies.