Денисов өнерпаздары облыстық фестивальде ерекше көзге түсті

Қостанай облысының аумағында «Өнеріміз саған, Қазақстан!»  шығармашылық керуені бастау алды.

Биыл 38-і рет жалауын көтерген облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестиваліне Денисов ауданы жоғары дайындықпен қатысты.

Әсіресе Приречен және Перелески ауылдарының жезтаңдай әншілерінен құралған  үлкен хор көрермен көзайымына айналды. Екі ауылдың өнерлі жандары қостанайлық талантты азамат, өлкеге белгілі атақты композитор Геннадий Седовтың 80 жылдығына орай, сол кісінің «Ты цвети, расцветай, Кустанайский край!» атты өлеңін зор тебіреніспен шырқады. Жалтыркөл ауылдық мәдениет үйінен келген Александр Чайковский мен Наталья Павленконың дуэті жүректің нәзік қылын шертті. Александр Чайковский кезінде «Қостанай облысының алтын дауыс иесі» атанған адам. Екі жұптың дауысы шебер үйлесім тауып, тыңдаушының көңілін баурап алды. Мұндай шеберлік қазылар алқасының назарына бірден ілікті. Сондай-ақ «Фаворит» және «Изюминка» би топтары да тамаша қойылым ұсынды. Аталған ұжымдар бұған дейін де облыстық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Орыс ұлтының өкілі Римма Аймет «Жетім қыздың хаты» деген қазақ тіліндегі монологты жүрекке жеткізе оқығаны сонша залдағылар ішкі тебіреністерін жасыра алмай, көзге жас алды. Көркем сөз шеберінің осынау артықшылығын қазылар алқасы мақтап, атап өтті. Денисов ауданында өткен облыстық байқау-фестивальдің соңында барлық қатысушылар балалар вокалдық тобымен бірге «Қостанайым» әнін орындады.

Биыл Денисов өнерпаздарының костюмдері жалт-жұлт етіп, сахнаның сәнін аша түсті. Бұл тұрғыда аудандық мәдениет үйінің біраз жұмыс атқарғанын атап өту қажет.  Қыздар мен жігіттердің вокал топтары және ансамбль биылғы фестивальге жаңа киіммен шықты. Мұның өзі ауданның мәдениет саласының дамуындағы жаңа белеске жасалған қадам деп түсіндік.

Фестивальдің биылғы ұйымдастырылу барысына қазылар алқасы жоғары баға беріп отыр. Шығармашылық ұжымдардың өнерін Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның сарапшылары бағалады. Ең жоғары ұпай 25 балдық көрсеткішпен белгіленеді. Мұндай жоғары бағаны Денисов ауданының бірнеше концерттік нөмірі иеленді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер аудандық мәдениет үйінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Супруги Мырзасарины из Наурзумского района за 13 лет совместной жизни выстроили настоящую крепость семейного счастья

На казахстанской земле на протяжении многих десятилетий мирно сосуществуют представители более 130 национальностей. Они строят…

40 минут назад

Наурзумский район активно участвует в ежегодной акции «Марш парков»

Напомним, это международная общественная акция, которая проводится ежегодно для поддержки и сохранения заповедников, национальных и…

43 минуты назад

Қарасуда өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына беруде

Қарасу ауданында өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілде білім алуға ынта білдіруде. (далее…)

54 минуты назад

Науырзымдық жас былғары қолғап шеберлері сынға түскен дүбірлі дода

Ауданымызда аудан әкімінің Кубогі үшін дәстүрлі ашық облыстық турнирі өтуде. (далее…)

1 час назад

Торғай төрінде «Кеңшілік оқулары» ұйымдастырылды

Жыр сайысы болашақта ірі әдеби жобаға айналмақ. (далее…)

1 час назад

Наурзумский государственный природный заповедник в этом году отмечает 95-летие

На территории Казахстана есть множество мест, которые являются достоянием нашей республики, но особняком среди них…

1 час назад

This website uses cookies.