Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат.

Науырзым ауданында 2006-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында көкпар және аударыспақтан Қостанай облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Науырзым ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бұл доданың аймақ тарихында орны ерекше – өңірде жасөспірімдер арасында алғаш рет көкпардан ресми жарыс ұйымдастырылып отыр. Айтулы шараның жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады.

Дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дәріптеуді көздеген бәсекеге облыс бойынша 5 мықты көкпар командасы қатысып, бақ сынады. Жарыс барысында жас шабандоздар жоғары дайындықтары мен ептіліктерін көрсетіп, көрермендерге тартысты да қызықты ойын сыйлады.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді. бірінші орын «Торғай» командасы (Жангелдин ауданы) жеңіп, чемпион атанды. Екінші орын «Олжа» командасына (Қостанай ауданы) бұйырса, үшінші орынды «Байтұма» командасы иеленді.

«Мұндай жарыстар – ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақты батылдыққа, ептілікке және салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелейтін маңызды шаралардың бірі. Көкпар мен аударыспақ – халқымыздың рухы мен жігерін танытатын төл спортымыз. Сондықтан ұлттық мұрамызды ұлықтайтын мұндай бәсекелердің маңызы зор», – дейді ұйымдастырушылар.

Биылғы чемпион атанған Жангелдин ауданының «Торғай» командасының құрылғанына небәрі үш жыл болған. Аз уақыт ішінде үлкен нәтиже көрсеткен ұжымның сапында 12 спортшы өнер көрсетті. Команда жетекшісі, көкпардан ҚР спорт шебері Жүрсін Абылайхан, ал жаттықтырушысы, ҚР спорт шеберіне үміткер Қасқырбай Дархан.

Жангелдин ауданынан қатысқан Абылайхан Жүрсін команданың бұл жеңісі мен өңірдегі ұлттық спорттың дамуы туралы өз ойын бөлісті.

«Біздің жастардың бұл жеңісі – үлкен еңбек пен дайындықтың жемісі. Торғайда көкпардың жандана бастағанына небәрі 3 жыл болса да, балаларымыз облыс деңгейінде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Өткен жылы екінші орын алсақ, биыл үлкендер арасында күміс жүлде иеленіп, міне, жасөспірімдер арасында бас жүлдені қанжығаға байладық. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш және алдағы үлкен белестердің бастамасы», – деп атап өтті Абылайхан Жүрсінұлы

Айта кету керек, «Торғай» командасы биылғы маусымда облыс бойынша ең нәтижелі ұжымдардың біріне айналып отыр.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Жібек МЫРЗАҒАЛИ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Караван правовой помощи»: жители Лисаковска обратились к специалистам с вопросами ЖКХ, благоустройства и медицины

В Костанайской области продолжаются выезды «Каравана правовой помощи» в рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон…

15 часов назад

Қамыстыда мектеп ауласында жеміс бағы бой көтерді

Табиғатқа қамқорлық пен туған жерге жанашырлықты ту еткен қамыстылықтар мектеп ауласында жеміс бағын отырғызды. (далее…)

2 дня назад

Жангелдин ауданы: Теңге тарихы мен қаржы саласының жауапты еңбегі

Жангелдин ауданының тарихы ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңімен сабақтас. (далее…)

2 дня назад

В тренде! До 200 тысяч просмотров набирают видео Новоильиновской школы в Instagram

В учреждении образования района Беимбета Майлина создают креативный контент для Instagram, показывая школьные будни педагогов…

2 дня назад

Торғай төріндегі Нұрхан ақынның қара шаңырағы

Халық ақынының өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер. (далее…)

2 дня назад

Қамысты ауданында көше жарығымен қамту деңгейі 98,4 пайызға жетті

2026 жылы Қамысты ауданында елді мекендердің көше жарықтандыру жүйесін жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.