Аудан тұрғындары үшін ақжолтай жаңалық. Алдағы дүйсенбіде Денисов ауданына «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы келіп, тегін медициналық қызмет көрсетпек.
Аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Әділ Рахметовтың хабарлауынша, жүрдек пойыз 21-шілде күні Денисов темір жол станциясына тоқтайды. Пойыздың ішіне заманауи медициналық жабдықтар орнатылған және кәсіби мамандардан құралған бригадалар бар. Ақ халатты абзал жандар дүйсенбіден бастап халықты қабылдайды. 24-шілдеге дейін Денисов және Зааят темір жол бекеттерінде аялдайды.
Медициналық бригадалар клиникалық талдау, флюорогра, Rrрафия, маммография, ЭКГ, УДЗ сияқты диагностикалық процедуралар жасайды. Терапевт, хирург-травматолог, кардиолог, отоларинголог, невролог, педиатр, акушер-гинеколог, овтальмолог, уролог, стоматолог мамандары қабылдау жүргізбек. Аталған қызметтер ауданның кез-келген тұрғынына тегін көрсетіледі. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған адамдарға да тегін медициналық көмек ұсынылады.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)
101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…
В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)
В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)
Кейуанаға иығына ақ жаулық жауып, құрмет көрсетілді. (далее…)
This website uses cookies.