Денисов ауданында қауіпті ауруларды ертерек анықтау жұмыстары жүргізілуде

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысында Денисов аудандық ауруханасы жүргізген скринингтік тексеру кезінде 26 адамнан артериялық гипертензия, 7 адамнан қант диабетінің бұзылысы бары анықталған.

Денисов аудандық ауруханасы жергілікті тұрғындардың денсаулығына бей-жай қарамай, скринингтікт тексерулерден тұрақты өтуіне жағдай жасауда. Мұндай тексерулер қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтауға жол ашады.

– Скринингтік зерттеулер – денсаулығына қатысты аса көп шағымы жоқ адамдар арасында жүргізілетін медициналық тексерулер. Тексеру арқылы ауру түрлерін ерте сатыларда анықтап, оңтайлы емдеуді таңдауға және профилактикалық шаралар кешенін тағайындауға мүмкіндік туады. ҚР заңнамасына, яғни, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әрбір азамат осы тектес  тексерулерден өтуге міндеттеледі. Осы мақсатта біздің аурухана тұрғындар арасында скрининг тексерулерді тұрақты жүргізуде,-деді аудандық аурухананың бас медбикесі Сәуле Байбосынова.

Аурухананың арнайы скрининг кабинеті бар. Ол жерде пациенттерді Face ID жүйесі арқылы қабылдайды. Алдымен глюкозаға және холестеринге арналған қан талдауы жасалады. Дәрігерлер пациенттердің қан және көз қысымын өлшейді. Одан кейін әр адамның жасына қарай белгіленген аурулар бойынша нақты тексереді.

Денисов ауданында жыл басынан бері тік ішектің қатерлігі ісігі бойынша 3 адам скринингтен өткен. Сүт безінің қатерлігі ісігінен 141 адам тексерілді. Соның ішінде 2 адам қатерлі ісік, 49 адам жатыр мойны обырының алғашқы белгілерін анықтау бойынша медициналық тексерістен өтті. Анықталған барлық ауру түрлері бойынша диспансерлік есепке алынды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған Сәуле БАЙБОСЫНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тәуіште 150 миллион теңгеден астам қаражатқа заманауи спорт залы салынып жатыр

Жаңа нысан заманауи талаптарға толық сай келеді деп күтілуде. (далее…)

13 часов назад

Исторический рекорд установила Костанайскаая область по финансированию аграриев

Заместитель председателя правления АО «Аграрная кредитная корпорация» Айдын Доскараев не скупится на эпитеты по поводу…

15 часов назад

Торғай өңіріне жан бітпек

Астана мен Батысты жалғайтын тарихи жол құрылысы Шеген ауылына дейінгі аралықта жүріп жатыр. (далее…)

16 часов назад

В Тобыле встреча с гражданами, находящимися на учете службы пробации

Мероприятие прошло в рамках проекта «Государственный социальный заказ услуг по организации работы в рамках ресоциализации…

16 часов назад

«Без вашего участия ни один мошенник не завладеет вашими деньгами»: что нужно знать о киберпреступниках

30 июля сотрудники ОФ «Жанашыр бол» и представитель правоохранительных органов лейтенант полиции Манарбек Амитов встретились…

21 час назад

This website uses cookies.