Денисов ауданында бірегей жоба жалғасуда

Денисов ауданында биыл екінші жыл қатарынан діни сауаттылықты арттыру жөніндегі жоба жүзеге асып жатыр.

Жоба тұрғындардың діни сауатын арттыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Оны аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Қостанай облысының психологтар Қауымдастығы жүргізуде. 2024 жылы жоба аясында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 350 адам қамтылыпты. Биылғы жылдың алты айында 200 адам қамтылып үлгерді. Іс-шаралар легі жыл соңына дейін жалғаспақ.

Өткізілген іс-шаралар жастардың рухани иммунитетін нығайтуды, сыни ойлау қабілетін дамытуды, құқықтық және діни сауатын ашуды, белсенді азаматтық қоғам ұстанымдарын қалыптастыруды, этносаралық және конфессияаралық келісімді арттыруды көздейді. Осы ойды жастарға түсіндіру үшін облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының тәжірибелі сарапшылары тартылған. Спикерлер жуырда Покров, Антонов, Глебов ауылдарында болып, көшпелі семинарлар ұйымдастырды.

«Ауыл тұрғындары келісім мен тұрақтылық тақырыбындағы кездесулерге оң көзқарас танытуда. Сарапшылардың айтқан ойына қызығушылық танытады. Әсіресе, ата-аналар мұндай іс-шаралардың ауқымын кеңейтуімізді сұрайды және балалар, жоғары сынып оқушылары мен жастар арасында да өткізуімізді өтінеді. Мен 10 жылдан бері осы салада жүрмін. Жат діни ағымдардың ықпалынан қиын жағдайға тап болған отбасылар туралы көптеген жағдаяттардың куәсі болдық. Діни фанатизмнің салдарынан адамдар ақшасын, мүлкін, уақытын жоғалтумен қатар басты байлығы денсаулығынан, отбасынан ажырап жатады. Тіпті психикасына ауыр соққы алады. Ондай адамдардың тағдырын, оқиғасын кездесулерде мысал ретінде айтып, өзгенің қателігінен сабақ алуға шақырамын»,-деді жобаның жетекшісі әрі «Қостанай облысы психологтарының Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Юлия Калюжная.

Денисов ауданында жыл соңына дейін этносаралық қатынас және дін саласындағы оқиғаларға қатысты іс-әрекет пен жедел ақпараттандыру туралы шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру жоспарлануда. Оған барлық ауылдар мен елді мекендердің әкімдері, селолық округтер мамандары, полиция қызметкерлері шақырылмақ.  Жуырда діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін ынталандыру, кәсіби біліктіліктерін шыңдау мақсатында «Денисов ауданының үздік АТТ спикері-2025» байқауы өтеді. Жыл сайынғы байқау биыл амыз айының соңында жарияланып, Республика күнін мерекелеу кезінде қорытындысы шығарылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздарды марапаттау, естелік сыйлықтары мен дипломдар табыстау жоспарланып отыр.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған Юлия Калюжная.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

1 час назад

Более 150 аулиекольцев впервые голосуют на референдуме

В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)

1 час назад

Подопечные карасуского соцучреждения приняли активное участие в важном государственном событии

В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)

1 час назад

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

6 часов назад

Жарапазан исполнили на участках референдума в Камыстинском района

В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…

6 часов назад

This website uses cookies.