Денисов ауданында неміс қызы Кэтрин Майер қазақ тіліне шексіз ризашылығын білдіреді

Кейіпкеріміз Кэтрин Майердің қазақ халқына, қазақ тіліне деген құрметі шексіз.

Біздің Кэтринді аудан халқы түгел таниды десек артық кетпеспіз. Ол аз десеңіз, шынашақтай қыздың есімі облысқа, республикаға да танылып қалды. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген неміс қызы осынау кішкентай ғана қадам жасап, қаншама адамға үлгі болып жүр. Кэтриннің мектепте озат оқушы, алғыр шәкірт, үйінде елгезек бала екенін газетімізде бұған дейін жазған едік. Ал бүгінгі мақаламызда оның қазақ халқына, мемлекеттік тілге деген шексіз сүйіспеншілігі туралы баяндамақпыз.

Кэтриннің ата-анасы Денисов ауданының тумалары. Әкесі Николай Майер Шукубай ауылында дүниеге келген. Қазір «Алтынсарино»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып жұмыс істейді. Анасы Нина Болих Гришен ауылында туған. Бүгінде мектепте кіші қызметкер еңбек етіп жүр. Кэтриннің Каролина және Алёна есімді әпкелері бар. Ең қызығы неміс отбасының кенже қызы Кэтрин таза қазақ тілінде сөйлейді, қазақ әндерін құйқылжыта шырқайды.

– Ұлтым неміс болса да, анам мені бала кезімнен қазақ мектебіне берді. Осылайша, қазақ халқының мәдениетін, тілін және ұлттық құндылықтарын терең түсінуім үшін үлкен қадам жасады. Анам мені қазақ халқының дәстүрі мен тарихын қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиеледі. Анамның сенімі мен қолдауының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп келемін. Осы орайда мені қазақ мектебіне жетелеп әкеліп, мемлекеттік тілде білім алуыма себепкер болған анама алғыс айтамын.  Менің ұлтым неміс болса да, жүрегім қазақ деп соғады. Қазақ тіліне деген алғашқы қадамым мемлекеттік тілдегі шағын орталықтан басталған. Бүгінде өззімнің қалауыммен, ата-анамның қолдауымен, ұлағаты ұстаздарымның көмегімен қара шаңырақ қазақ мектебінде оқып жүрмін. Қазақ тілі менің биік белестерге шығуыма жол ашты. Сондықтан қазақ халқына, қазақ тіліне деген ризашылығым шексіз, – дейді №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Кэтрин Майер.

Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Ерекше мерекенің негізгі мәні елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері қазақ халқына ерекше ризашылығын білдіріп, қиын заманда құшақ жая қарсы алғанына, жатсынбай бауырына басып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанына алғыс айту. Оған қоса 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бейбітшілік пен татулықты ту еткен  ұйым биыл отыз жылдық мерейтойын тойлайды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: Кэтрин Майер әпкелерімен бірге. Анасы мен қыздары.

Сурет кейіпкердің мұрағатынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

2 дня назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

2 дня назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

3 дня назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

3 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

3 дня назад

This website uses cookies.