Сарыкөл ауданы — жастар мен мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер мекені

Бұл туралы аудан әкімі Марат Шымырбеков бізбен сұхбатында баяндады

-Жастар – ел келешегі. Олар үшін мемлекет түрлі бағдарламаларды ойлап тауып, іске асыруда. Біз де құр алақан емеспіз. Жастарға қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеміз- деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Марат Лесбекұлы:

-Құрметті жастар мен болашақ мамандар!

Сарыкөл ауданы сіздерді шынайы ықыласпен қарсы алуға әрдайым дайын. Біздің аудан тек табиғат сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар кәсіби дамуға, шығармашылыққа және жайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін қолдау шараларымен де ерекшеленеді. Егер сіз дәрігер, мұғалім, мәдениет немесе спорт саласының маманы болсаңыз, Сарыкөл сіздің арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға қажетті жағдайларды ұсынады.
Жас мамандарға жан-жақты қолдау
Елді мекендерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету — біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осы мақсатта «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданымызға келген жас мамандарға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған, – деп үндеу жасады ол.

Атап айтқанда, аудан орталығына немесе ауылдық елді мекендерге қоныс аударған мамандар үшін тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2500 АЕК (шамамен 9 230,0 мың теңге) мөлшерінде бюджеттік несие беріледі. Ауылдық елді мекендерге қоныс аударған мамандарға 2000 АЕК (шамамен 7 384,0 мың теңге) көлемінде әлеуметтік қолдау ұсынылады. Сонымен қатар, көшіп келген мамандардың алғашқы шығындарын өтеу үшін 100 АЕК (шамамен 369,2 мың теңге) көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы қарастырылған.
Жалпы, соңғы 5 жылда ауданымызға 63 маман қоныс аударып, оларға жалпы сомасы 22 420,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, 33 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 149 073 мың теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Өткен жылы да қолдау шаралары жалғасын тапты. 12 маманға — 4 430,4 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. 1 маманға — тұрғын үй алу үшін 6 003,0 мың теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді.

Сарыкөл ауданы жас мамандар үшін тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы инфрақұрылым ұсынады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары жүйелі түрде дамып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда. Әр сала маманы үшін жеке жұмыс жағдайлары қарастырылып, қажеттіліктерге жауап беріледі.

-Бірлік пен болашаққа сенім
артқан біздің аудан — үлкен, тату отбасы. Мұнда әрбір жаңа келген маман өз ортасын тауып, ауданның гүлденуі мен дамуына үлес қоса алады. Біз жас мамандардың энергиясы мен білімі ауданның өркендеуіне жаңа серпін беретініне сенеміз.
Сарыкөл ауданы — сіздің болашағыңыз басталатын мекен. Армандарыңызды жүзеге асыру үшін біз әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп өз сөзін аяқтады аудан басшысы.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайға келген жас маман

Бала күні кеше ғана үлкен өмірге қадам басып, ақ халат киюді армандаған жас жеткіншектер бүгінде…

2 часа назад

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

3 часа назад

Қамыстыда ауыл тұрғыны жылқы басын көбейтпек

Алтынсарин ауылының тұрғыны Дәурен Ержанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, жылқы шаруашылығын қолға алды. (далее…)

3 часа назад

«Я что, тупой?»: почему люди становятся жертвами интернет-мошенников?

Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 22 сентября встретились с населением Московсковского…

4 часа назад

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

8 часов назад

За 40 лет во дворе жительницы Наурзумского района цвели более 80 видов цветов

Цветы во все времена были настоящим украшением любого сельского двора. (далее…)

9 часов назад

This website uses cookies.