Денисов ауданында пробация есебінде тұрғандар жұмыспен қамтылуда

Денисов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Осы мақсаттағы «Осында және қазір жұмысқа орналастыру» атты әлеуметтік-құқықтық акция-жәрмеңкесі сейсенбі күні ұйымдастырылған еді. Аудандық Мансап орталығы өткізген акция-жәрмеңкеге пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар мен жұмыс берушілер қатысты. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Мақсаты – пробация қызметінде тұрған азаматтарға жұмыс табуға, жаңа мамандық игеруге көмектесу және қайта құқық бұзушылықтың алдын алу. Мамандардың айтуынша, тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтар арасында қылмыс жасау деңгейі әлдеқайда төмендейді. Сондықтан жұмыспен қамту ұтымды шешім.

-Аудан бойынша пробация қызметінің есебінде 14 адам тұр. Соның бәрі ресми түрде жұмыспен қамтылған. Олардың арасында жұмысын ауыстырғысы келетіндер бізге жүгінді. Мысалы, акция нәтижесінде бір әйел адам жұмыссыз ретінде есепке алынды. Қазір жұмыс берушілермен бірлесе, оны тиісті жұмыспен қамту туралы келіссөздер басталды,-деді Денисов аудандық Мансап орталығының басшысы Ерлан Кульжанов

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет аудандық Мансап орталығынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдықтар референдумға жоғары белсенділікпен қатысты

Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)

4 часа назад

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

7 часов назад

Более 150 аулиекольцев впервые голосуют на референдуме

В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)

7 часов назад

Подопечные карасуского соцучреждения приняли активное участие в важном государственном событии

В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)

7 часов назад

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

12 часов назад

This website uses cookies.