Денисов ауданында 60 және одан жоғары жастағы ардагерлер арасында шағын футболдан турнир өтті.
Юрий Добычинді еске алуға арналған спорт сайысы мұндай форматта биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Аудандық спорт бөлімің басшысы Наталья Филатованың хабарлауынша, турнирді жыл сайын өткізу жоспарлануда. Осылайша дәстүрлі іс-шараға айналмақ. Юрий Добычин кезінде волейболдан аудан намысын қорғап, «Автомобилист» командасының негізін қалауға үлес қосқан жан. Ол облыс біріншілігінде «Строитель» футбол командасының сапында ойнап, спорт саласының қарқынды дамуына септігін тигізгенін замандастары жақсы біледі.
Турнирге Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Қарасу ауданы, Жітіқара және Денисов аудандарының командалары қатысты. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қатысушылардың зор дайындықпен келгені сезілді. Әр команда туған қалалары мен аудандарының намысын қорғауға барын салды.
«Бұл турнир спортқа деген құмарлық жас талғамайтынын анық аңғартты. Командалар әр матчта сауатты тактика және дәл бағытталған шабуылдармен жанкүйерлерді қуантты. Ойын тартысты болды және матчтардың нәтижесі соңғы минуттарда шешілді»,-деп хабарлады Денисов аудандық спорт бөлімі.
Қорытынды есепте Қостанай қаласының командасы 1-орын, Жітіқара ауданының ойыншылары 2-орын, Қарасу ауданының футболшылары 3-орынды иеленді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті Денисов аудандық спорт бөлімі жолдады.
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.