Денисов тұрғыны Зарина Жанпиисова «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіп ашты

Ол «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 400 АЕК көлемінде грант ұтып алды. Қысқа мерзімдік курсты оқып, артынша өзі ұсынған жобаны іске асыруға кірісті.

Ұтып алған қаржыға қажетті құрылғылар сатып алып, массаж кабинетін ашты. Бүгінде өз жобасын сәтті іске асыруда.

– Аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту мақсатында массаж кабинетін ашуды жөн көрдім. Бұл идеяны ұзақ жылдан бері ойлап, армандап жүрген едім. Жаңадан кәсіп бастауға ниетті жандарға түрлі гранттар берілетіні туралы Денисов аудандық әкімдігінің қызметкерлерінен естідім. «Бастау Бизнес» жобасы менің арманымды орындады,-деді Зарина Жанпиисова.

Қазіргі күні Зарина ауылдастарына көмектесіп, сауықтыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Массаж қызметін пайдаланушылардың саны да күн өткен сайын артып келеді.

– Жергілікті әкімдіктің жанындағы мансап орталығына алғыс айтамын. Ол жердің мамандары мемлекеттік бағдарлама туралы толығырақ түсіндіріп, бағыт-бағдар берді. Мұндай жобалар халықтың кәсіп ашуға деген қызығушылығын оятады. Кәсіпкерлік саласы дамыған сайын өңірдің экономикалық ахуалы да жақсара түседі,-деді кейіпкеріміз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

4 часа назад

Жарапазан исполнили на участках референдума в Камыстинском района

В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…

4 часа назад

Национальные костюмы и весеннее настроение объединили жителей Денисовского района в день Референдума

В Денисовском районе день голосования проходит в атмосфере весеннего обновления и национальных традиций. (далее…)

4 часа назад

«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды

Республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасуда. 09:00-де басталған шараның алғашқы…

5 часов назад

This website uses cookies.