Денисовтың Қырым ауылында медициналық пункт жөнделуде

Қырым ауылының медициналық пунктінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір қасбеті жөнделіп, терезе мен есіктері, жылыту қазандығы ауыстырылуда. Медициналық пункттің іші-сыртына жеңіл-желпі жөндеу жасау үшін жергілікті бюджеттен 24 338,0 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша аталған шаруаны атқаруға «Millennium BST Group» ЖШС мердігер ұйым ретінде анықталды. Жұмысты орындау мерзімі келісім-шарт негізінде белгіленген.

Бұл медициналық пункттің ғимараты 1970 жылы салынған. Елу жылдан астам уақыттан бері мекеме ауыл халқына қажетті медициналық қызмет көрсетіп келеді. Соңғы рет ғимаратқа 2005 жылы жөндеу жүргізіліпті. Мұнда қазіргі уақытта 501 адам тіркелген. Ұлт саулығын сақтау үшін және елді мекендерде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарты мақсатында мемлекет тарапынан қолдау іс-шаралары жалғасуда. Қырымдағы медициналық пункттің жөндеу жұмыстары денсаулық сақтау саласындағы Президент тапсырмаларының шеңберінде іске асып жатқанын білдірсе керек.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет Денисов аудандық ауруханасына тиесілі.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдықтар референдумға жоғары белсенділікпен қатысты

Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)

7 часов назад

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

9 часов назад

Более 150 аулиекольцев впервые голосуют на референдуме

В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)

10 часов назад

Подопечные карасуского соцучреждения приняли активное участие в важном государственном событии

В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)

10 часов назад

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

14 часов назад

This website uses cookies.