“Дода” жобасы Ұзынкөл ауданында

Жоба өз бастауын “Жайдарман” атты көңілді тапқырлар клубынан алады, мектеп жасынғы білім алушыларды КТК қозғалысына тарту мақсатымен  ұйымдастырылады.

Биылғы жылы “Дода” ойынына № 1 және № 2 Ұзынкөл, Новопокров және Ершов, Обаған жалпы білім беретін мектептерінің “Аламан”, “Барыс”, “Крутые парни”, “Азерол”, “Звезды” командалары қатысты.

– Командамыз “Барыс” деп аталады. Бірінші ойынға қатысқанымызда біз облысқа барғанбыз. Облыстық ойын Сарыкөлде өтті. Жеңіспен оралдық. Тағы жеңіске жетеміз деп үміттеніп келіп отырмыз, – деді  Обаған жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Уразбекова.

Ойын ұйымдастырушыларын да әңгімеге тарттық.

– Мен, Бәкір Марғұлан “Жайдарлы жастар” қоғамдық қорының директорымын. Бұл байқау Қостанай облысының білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс төңірегінде өткізіліп жатыр. Бұл біздің авторлық жобамыз, ол 12 жасқа дейінгі білім алушыларға арналған. Қостанай облысының 20 өңірінде “Дода” байқауын өткіземіз, бұл ойындардан 1 жеңімпаздарды анықтап, сосын Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс  деп аталған 4 аймаққа бөліп, ойынды осы аймақтарда жалғастырамыз. Ұзынкөл ауданы Меңдіқара, Сарыкөл, Қарасу, Алтынсарин аудандарымен бірге “Шығыс” аймағына кіреді. 5 ауданның жеңімпаздары қыркүйек айында Сарыкөл ауданында кездесіп жарысады. Финалға шыққан команда содан соң қазан айында Қостанай қаласында өтетін финалға қатысады. Осыдан үш жыл бұрын финалдың жеңімпаздары болды Жанкелді ауданының командасы, былтыр Лисаков командасы жеңімпаз аталды. Биыл, міне, үшінші ойын алдымызда тұр. “Дода” ойынының мақсаттарының бірі – балалардың сабақтан тыс уақыттарын қызықты ету, екіншіден, командалық сана-сезімді қалыптастыру, үшіншілен, креативті, логикалық ойлауды дамыту болып отыр деді.

Ойын бірнеше бөліктерден тұрды. Олардың ішінде зияткерлік сайыс, мобильдік ойындар сайысы, көңілді мәре деп аталған спорттық жарыс және “Әдепті бала” тақырыбындағы “Жайдарман” сайысы ұйымдастырылды. Жарыс өте белсенді, қызықты өтті.

 

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31