Жангелдин ауданы: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жангелдин ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы дайындалған ақпараттық материалдар таратылып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың өзінен, оның адал таңдауы мен азаматтық жауапкершілігінен басталады. Сондықтан тұрғындар арасында осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Әр адам өз құқығы мен міндетін біліп, заң талаптарын сақтауы қажет. Біздің басты мақсатымыз – қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастырып, тұрғындарды адалдық пен әділдікке үндеп, құқықтық мәдениетті нығайту», – дейді «Жалын» жастар ұйымының жетекшісі Мейрамбек Айбекұлы.

Осындай шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырып қана қоймай, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Жемқорлықсыз қоғам құру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Аталған іс-шара «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өткізілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған – «Жалын» жастар ұйымы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31