Инклюзияны қолдау кабинеті білім алуға тең мүмкіндік жасау үшін Ұзынкөлдік мектепте ашылды

Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік.

Жаңа Конституцияның жариялаған азаматтардың құқықтарының ішінде маңыздылығы – жай ғана білім алуға емес, баршаға тең білім алуға қол жеткізу жарияланды.

Осыған орай инклюзивті білім беруде жүйелілік пен бірізділікті сақтау мақсатымен мектептер негізінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашыла бастады. Осындай инклюзияны қолдау кабинеті алғаш рет Ұзынкөл ауданында Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінде ашылып, салтанатты тұсаукесер сәті болып өтті.

– Біз соңғы екі-үш жыл ауданымызда инклюзияны қолдау кабинетін ашуға дайындық жұмыстарын жүргіздік, – деді өз сөзінде Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің басшысы Сауле Литвинова. – Бірден кабинетті КәмшатДөненбаева жалпы білім беретін мектебі негізінде ашамыз деп шешілді. Кабинетке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтары алынды. Мемлекеттік сатып алу арқылы арнайы инклюзияны қолдау кабинеті 8 миллион теңгеден астам сомаға сатып алынды да, осында орнатылды,- нақтылады Сауле Талғатқызы.

– Ашылып жатқан инклюзияны қолдау кабинетінде 8 оқушы мамандар тарапынан қосымша қолдау алатын болады, – түсіндірді мектеп директоры Анна Горбулина. – Инклюзив тобындағы балалармен жұмыс істейді арнайы мамандар – логопед Эльнара Исмагомбетова, дефектолог Райгүл Мурзалина, психолог Римма Шегенова. Кабинет жұмысын басқаратын әдіскер Айслу Алтынсарина. Кабинет өзіндік жұмыс кестесі арқылы жұмыс істейді. Барлық бағытта толыққанды қолдау жасау үшін кабинетте қажетті мүмкіндіктер жасалған: дидактикалық, көрнекілік құралдар, дамытушылық ойындар. Барлық мамандарға көмек ретінде арнайы бағдарламалар, тілдік-дамытушылық, ой-өрістерін кеңейтуге бағытталған бейнетаспалар мен 3D модульдер орнатылған.

– Мұнда біз балаларға тек білім алуға көмектесуден гөрі, айналадағы ортамен қарым-қатынастар құруға, сыныптастарымен достасуға, ата-аналарға қажетті кеңес беріп көмектесумен де айналыса алмыз, – деді кабинеттің педагог-дефектологы Райгүл Мурзалина.

– Инклюзия кабинеті Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ орнатылып жатса да, басқа мектептердің педагогтері мен ата-аналары осында келіп, баласына қатысты кеңес ала-алады, – түсіндірді Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің әдіскері Раушан Умирзакова. –  Бұл инклюзивті білім алуды талап ететін оқушылар үшін үлкен мүмкіндік боладыдеп сенеміз.

Бүгінгі мектеп әр білім алушыға бағытталған. Оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтап, соған сәйкес жекеөзіне сайбілімберу траекториясын құруды талап етеді. Мұндай жағдайда инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуының болашағы зор деп ойлаймыз.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА,

Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

9 часов назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

14 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

1 день назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

1 день назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

2 дня назад

This website uses cookies.