Көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Жангелдин ауданындағы ахуал бақылауда.
Қостанай облысында көктемгі су тасқынына қарсы кешенді дайындық шаралары пысықталып, барлық өңірлерге нақты тапсырмалар берілді. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл көктем мезгілі күрделі болуы мүмкін, сондықтан қауіптің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс.
Облыс бойынша су тасқыны қаупі бар аймақтарға арнап шамамен 1 млрд теңгеге 50 арнайы техника сатып алынған. Оның ішінде өтімділігі жоғары 7 техника, 3 вахталық автокөлік және 20 жол талғамайтын көлік бар. «Өңірде 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылып, нығайтылған. Тобыл өзені жағалауы бекітіліп, автомобиль жолдарындағы 2 мыңнан астам су өткізу құрылыстары мен кәріз жүйелері тазартылған. 13 жол учаскесінде 38 су өткізу құбыры орнатылып, 9 гидротехникалық құрылыс қалпына келтірілді.
Қарасу ауданында салынған су бұру арнасы елді мекендерді су басу қаупін төмендетіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді», – деді аймақ басшысы. Өңірлерден 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылған. Резервте шамамен 4 млрд теңге қарастырылған. Жангелдин ауданы да су тасқынына дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Дегенмен, облыс әкімі аудан бойынша жүзу құралдарының саны жеткіліксіз екенін атап өтті. Берілген есепке сәйкес, аудан қорында небәрі үш жүзу құралы бар. Бұл көрсеткіш сынға алынып, қажетті техникалық қорды қайта қарап, көбейту тапсырылды. Өңір басшысы жанар-жағармай, инертті материалдар, азық-түлік, су сору және инженерлік техниканың жеткілікті қорын алдын ала дайындауды міндеттеді. Сонымен қатар, су басу қаупі бар ауылдарда ауыр техникалар мен мотопомпаларды алдын ала орналастыру, арықтар мен су өткізу құбырларын қар мен қоқыстан тазарту қажеттігі айтылды. Облыс бойынша су басу қаупі бар 31 елді мекен анықталған. Оның 12-сі Амангелді ауданы, 16-сы Қарасу ауданы, үшеуі Науырзым ауданы аумағында орналасқан.
«Біз барлық қауіптерге дайын болуымыз керек, сондықтан Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы, «Қазгидромет», «Казводхоз» филиалдары 1 наурыздан бастап күн сайынғы мониторингті күшейтсін. Ресей Федерациясының көршілес өңірлерімен өзендердегі су бастауы мен қауіптердің туындауы туралы тұрақты ақпарат алмасу ұйымдастырылсын. Оңтүстік аудандар Ұлытау қыраттарынан Ұлы-Жыланшық өзеніне келетін суға жедел әрекет ету мақсатында Ұлытау облысының көршілес аудандарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін. Ветеринария басқармасы осы жылдың 20 ақпанынан бастап су ауыл шаруашылығы құрылымдары мен облыстың оңтүстік аудандарындағы қыстақтарды аралап шықсын», – деп қадау-қадау тапсырма берді облыс әкімі.
Мұның сыртында аудан-қала әкімдеріне де бірқатар міндеттеме жүктелді. Оларға барлық күштер мен құралдардың барынша дайын болуын қамтамасыз ету, қарды уақтылы шығару жұмыстарын, елді мекендер айналасындағы су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарын күшейту, тұрғындармен аулаларын қардан тазарту туралы түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды. «Ал облыстық ТЖД су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторингті жалғастырып, уәкілетті органдармен бірлесіп өңірлерді араласын. Туындаған төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз етсін», – деп толықтырды өңір басшысы. Айта кету керек, жылдағыдай, биыл да жедел штаб 1 наурызда өз жұмысын бастайды. Оған облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов жетекшілік етпек. Су тасқыны жағдайы нашарланған жағдайда облыстық жедел штабты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуге міндеттеледі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қарасу тұрғындары ауқымды экологиялық бағдарламаға үн қосты

6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…

50 минут назад

Сарыколь отметил 100-летие Назиры Дәулетовой

Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)

3 часа назад

В Костанайской области готовятся к посевной кампании

Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…

3 часа назад

Торғайда тазалық – тұрақты назарда

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)

3 часа назад

Юные Аулиекольские «Метаморфозы» завоевали сердце Алматы

IV Международный театральный фестиваль-конкурс «Алға жетістікке» подарил детям море эмоций и I место. (далее…)

5 часов назад

Дизайнерские клумбы и «баня» для сосен: как Лисаковск будут превращать в цветущий сад

В данный момент на портале госзакупок ведется тендер на озеленение города. (далее…)

7 часов назад

This website uses cookies.