Категории: КультураСоциум

Мұражайдағы тағылымды кездесу

Онда Еңбек Ері Сайран Бұқанов жайлы жан-жақты айтылды

Бүгін облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ҚР ауылшаруашылық күніне орай «Еңбек ерлікке бастайды» деген тақырыпта   Қостанай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқановпен кездесу болып өтті.

Бұл басқосуға Қостанай қаласы ардагерлер кеңесінің мүшелері – Амантай Бегалин, Ғайыпназар Қойшин, Әлмағамбет Ешмұхамбетов, ауылшаруашылық басқармасының қызметкері Нұрсұлтан Нұржанұлы қатысты.

Музей қызметкері Айымгүл Омарқанова мәртебелі қонақ Сайран  Бұқановтың қоғамдық қызметі мен еңбек жолына жан-жақты тоқталды.  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жалғас Бекзат және балалар шығармашылық мектебінің «Нұр әуен» студиясының шәкірттері жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ басқосуда ардагерлер мен жастар  Қазақстанның Еңбек Ері  Сайран Балкенұлына арналған «Біздің заманымыздың батыры» атты телеочеркті тамашалады.

Студенттер елімізге белгілі азамат, қоғам қайраткеріне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Кеш өте әсерлі өтті.

Оразалы Жақсанов

admin

Недавние новости

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

12 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

13 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

13 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

13 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

13 часов назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

13 часов назад

This website uses cookies.