18 ақпанда Сарыкөл кентіне Жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен Еркін Әбіл жұмыс сапарымен келді.
Олармен бірге аудандық мәслихат төрағасы, депутат Дастан Әбжамалов пен “AMANAT” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бақытжан Жантемір де болды.
Мәжіліс депутаттары Урицк мектеп-лицейі, аудандық аурухана ұжымымен және аудандық партия филиалында зейнеткерлерімен кездесті.
Жиынның басты мақсаты – Конституцияда айқындалған негізгі құндылықтарды түсіндіру және жастармен ашық пікір алмасу болды..
Кездесу барысында адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, отбасы институтының мемлекет қорғауында екені, сондай-ақ білім беру саласының стратегиялық маңызы кеңінен сөз болды.
Мәжіліс депутаттары Ата Заңда адамның өмірі мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде белгіленгенін атап өтіп, бұл қағидат білім беру жүйесінде де айқын көрініс табуы тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар азаматтық белсенділіктің маңызы түсіндіріліп, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу – әрбір саналы азаматтың жауапкершілігі екені айтылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай мазмұнды жүздесулер алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдіріп, бұл маңызды оқиғаға қатысу ортақ міндет екенін атап өтті.
Руслан ӘЛКЕЕВ, суреттерді ұсынған ішкі саясат бөлімі
Третий год во встрече-выставке принимают участие не только креативные педагоги учебных заведений региона, но и…
Музыка, стремительно летящая со сцены в пустой зрительный зал Дома культуры, гулким эхом возвращалась на сцену,…
Жоғары аудиторлық палатаның Қостанай облысына жүргізген тексерісінен кейін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мемлекеттік аудиттің…
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ізі қалған қасиетті Қостанай жерінде ауылдық…
Қарлығаш Тасмұхамедқызы 20 жылдан артық еңбек етіп келеді. (далее…)
Завершено расследование по факту участия в преступной схеме по выводу денежных средств, полученных незаконным путём.…
This website uses cookies.