Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге асуда.
2026–2030 жылдарға арналған жоба қоршаған ортаны көгалдандыруға, жасыл желекті көбейтуге, өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Осы бастама аясында Меңдіқара ауданындағы білім беру ұйымдарында жеміс бақтары отырғызылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары да қарқын алып келеді.
Жобаға Қостанай облысының 100 білім беру ұйымы, оның ішінде 85 мектеп, 12 колледж және 3 жоғары оқу орны қатысады. Алдағы бес жылда өңірде 100 жеміс бағын жайқалтып, шамамен 3 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Биылғы күздің өзінде 1 мың көшет отырғызу көзделген.
Жобаның негізгі мақсаты – ағаш отырғызумен ғана шектелмей, олардың ұзақ мерзім бойы өсіп-жетілуіне жағдай жасау. Сондықтан көшеттердің жерсінуіне, суару жүйесінің болуына және жасыл желектерге тұрақты күтім жасалуына ерекше мән беріледі. 2027 жылдың көктеміне қарай отырғызылған көшеттердің кемінде 80 пайызының жерсінуін қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Аудан бойынша жобаға төрт жалпы білім беретін мектеп қатысып отыр. Олар – Соснов, Жангелдин негізгі жалпы білім беретін мектептері мен Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы және А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы. Аталған білім беру ұйымдарының барлығында бақтардың паспорттары әзірленіп, көшеттерді суаруға арналған су көздері қарастырылған. Бұл ағаштарды отырғызумен қатар, олардың әрі қарай дұрыс күтіммен өсуіне қажетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Жоба аясында төрт мектептің аумағына барлығы 86 жеміс ағашының көшеті отырғызылды. Оның ішінде Соснов негізгі жалпы білім беретін мектебі өз қаражаты есебінен 30 көшет отырғызса, Жангелдин негізгі жалпы білім беретін мектебіне 20 көшет демеушілік қолдау арқылы жеткізілді. Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы өз қаражатына 10 көшет, ал А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы 26 көшет отырғызды», – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлдана Ахметова.
Ағаш отырғызу жұмыстары білім беру ұйымдарымен ғана шектелмей, Боровской ауылында да жалғасуда. Елді мекеннің көркін арттырып, жасыл желектер санын көбейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауыл әкімі Жасұлан Тұрағұловтың айтуынша, биыл көктемде ауыл аумағына 250 ағаш отырғызылған. Оның 150-і шырша болса, 100-і пирамидалық терек.
«Жақында Жеңіс саябағына тағы 28 шырша отырғызылды. Сонымен қатар Тұрсынбай батыр көшесінде жаңа көшеттерді отырғызуға арналған ұңғымалар алдын ала әзірленді. Жоспар бойынша, осы аумаққа алдағы уақытта шамамен 50 пирамидалық терек отырғызу көздеп отырмыз», – дейді ауыл әкімі.
Айтолқын ӘБДІЛДА
Суреттерді білім беру мекемелері мен ауыл әкімдігі ұсынды.
В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)
Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…
В недавно открытом спорткомплексе «Камысты Арена» уже собираются любители активного отдыха. (далее…)
This website uses cookies.