Меңдіқара ауданында жас маман мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды

Бүгінгі таңда елімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың ішінде ауылдық жерлердегі жас мамандарды қолдауға бағытталған тиімді бағдарламалардың бірі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы.

Аталған бағдарлама бірнеше жылдан бері табысты жүзеге асырылып, көптеген жас мамандардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне және баспаналы болуына зор мүмкіндік беріп отыр. Бағдарлама арқылы ауылдық жерлерге келген жастардың саны артып, ауылдардың әлеуметтік және білім беру салалары жаңа серпін алуда.

Меңдіқара ауданында  да осы бағдарлама аясында ауылда еңбек етіп, өз баспанасына қол жеткізген жас мамандар бар. Солардың бірі – жас маман Айғаным Құмарбекова.

Айғаным Маралбекқызы Ұзынкөл ауданына қарасты Қоскөл ауылында дүниеге келген. Кейін отбасымен бірге Меңдіқара ауданы, Боровское селосына қоныс аударып, осы өңірде өсіп-жетілген. Ол білім жолын Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясынан бастап, 2020 жылы Қостанай мемлекеттік жоғары педагогикалық колледжіне «Тәрбиеші» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оқу орнын 2024 жылы жақсы нәтижемен аяқтаған.

Қолына дипломын алған жас маман көп ойланбастан еңбек жолын өзі түлеп ұшқан білім ордасынан бастауды жөн көрген. Бүгінде Айғаным Маралбекқызы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі болып қызмет атқарады.

Еңбек жолымды өзім түлеп ұшқан мектебімнен бастауды жөн көрдім. Себебі, ауыл балаларының сапалы білім алуына үлес қосып, ауданымыздың білім саласының дамуына өз пайдамды тигізгім келді. Оқу орнында алған білімім мен жинақтаған тәжірибемді туған мектебімде қолдана отырып, ауыл балаларының болашағына бағыт-бағдар беру – менің басты мақсатым. Тынымсыз еңбек пен шыдамдылықтың арқасында алға қойған мақсаттарыма жетемін деп сенемін, – дейді жас маман Айғаным Құмарбекова.

Кейіпкеріміз бұл мамандықты таңдауға бала күнінен бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазы Лейла Қуанышбекқызының ықпалы зор болғанын айтады. Ұстазының әрбір сабағына деген жауапкершілігі мен балаға деген мейірімін көріп өскен ол, сол кісі секілді шәкірт тәрбиелеуді армандаған. Уақыт өте келе бұл арман нақты мақсатқа айналып, Айғаным ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған.

Бүгінде жас маман өз ісіне жауапкершілікпен қарап, алған білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, кәсіби тұрғыда дамуға ұмтылып келеді. Қазіргі таңда ол жоғары оқу орнында білімін жалғастырып, біліктілігін арттыруда.

Айғаным тату, берекелі отбасында тәрбиеленген. Ата-анасының қолдауы мен апасының өнегелі жолы жас маманның ұстаздық бағытта қалыптасуына үлкен әсер етуде.

Мен ата-анам мен апа-жездеме үлкен алғысымды білдіргім келеді. Менің әр бастамама қуанып, әрдайым қолдау білдіріп, өз көмектерін көрсететін жақындарыма ризамын. 2025 жылдың күз айларында мен мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болып жатырмын. Қазір біз ол үйге ата-анам, апа-жездеммен бірге жөңдеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Мені әрдайым қолдайтын жақындарым мен жастарға арналған мемлекттік бағдарламаға алғысымыды білдіремін. Бұл қолдау мен үшін үлкен сенім мен шабыт болып отыр, – дейді жас маман

Мемлекет тарапынан үлкен көмекке қол жеткізген Айғанымның алдыға қойған мақсаты айқын, арманы асқақ. Ең басты мақсаты – адал және еселі еңбек атқара отырып, білім саласының дамуына өз үлесін қосу. Жас маманның алға қойған мақсаты орындалып, еңбек жолы табысты болсын деп тілейміз.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Транспортные полицейские нашли и вернули пассажирке забытые в поезде ценные вещи

Сотрудники линейного управления полиции на станции Астана оперативно помогли пассажирке вернуть утерянные личные вещи и…

20 минут назад

«Орталық – Батыс» дәлізі Торғай өңірінің дамуына жаңа серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аударып келеді. (далее…)

2 часа назад

Первым вице-президентом независимого Казахстана был аулиеколец Ерик Асанбаев

Он является выпускником Аулиекольской школы-гимназии им. Сулатана Баймагамбетова. (далее…)

3 часа назад

Білім бәйгесіндегі жарқын жетістік

Мәдина Серікбол олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынды иеленді (далее…)

6 часов назад

В Денисовском районе усилены снегоуборочные работы

По состоянию на 20 января в Денисовке продолжается плановая и усиленная работа по зимнему содержанию…

7 часов назад

«Будем держать за вас кулачки». В этом лыжников Виталия Пухкало и Наиля Башмакова, которые будут участвовать в Олимпиаде, заверили власти области.

Торжественный прием состоялся 20 января в зале областного акимата, куда были приглашены журналисты республиканских и…

1 день назад

This website uses cookies.