Меңдіқара ауданының тұрғыны Роза Сағындықызы өмірінің 30 жылын кітапхана саласына арнаған

Бұл мереке – қоғамның рухани байлығын арттырып, білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлерінің еңбегін дәріптейтін ерекше күн.

Осындай өз ісіне адал, кітап пен оқырман арасындағы алтын көпір бола білген жандардың бірі – Роза Сағындыққызы.

Роза Ыбраева 1965 жылы Будённов ауылында дүниеге келген. Ауылдағы сегіз жылдық мектепті тәмамдаған соң, Қостанай ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсіп, 1983 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің есепшісі мамандығын игеріп шығады. Жастайынан ізденімпаз, ұқыпты, еңбекқор Роза Сағындыққызы кейін кітапқа, рухани әлемге деген сүйіспеншілігінің арқасында екінші мамандық ретінде кітапхана ісін оқып алады. Бұл таңдау оның өмір жолын түбегейлі айқындап, руханият саласындағы ұзақ әрі абыройлы қызметінің бастауы болды.

1995 жылы Роза Сағындыққызы аудан орталығында орналасқан Орталық балалар кітапханасына кітапханашы болып қабылданады. Содан бері отыз жыл бойы үздіксіз еңбек етіп, өзінің кәсібилігімен, іскерлігімен және адамгершілік қасиетімен бүгінгі күнге дейін әріптестерінің құрметіне бөленіп келеді.

  • Кітапхана мен үшін жәй ғана жұмыс орны емес, өмірімнің мәні мен мақтанышы. Күні бүгінге дейін өз мамандығыммен мақтанамын. Алғаш рет балалар кітапханасына жұмысқа тұрған уақытта, оқырманмен тіл табысқан сәтте – бұл мамандықтың қаншалықты жауапты әрі қызықты екенін түсіндім. Кітап – адамның рухани азығы, жан серігі. Әрбір оқырман кітап арқылы өзін, өмірін, арманын табады. Ал менің міндетім – сол рухани әлемге жол ашу.

Осы жылдар ішінде талай бала мен жасөспірімнің, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыра алдым деп ойлаймын. Бұл менің үлкен жетістігім. Қазір зейнет жасына жақындасам да, кітап пен оқырман арасындағы байланыс мені әркез шабыттандырады, – дейді кейіпкеріміз Роза Сағындыққызы.

Бүгінде Роза Ыбраева аудандық орталық модельдік кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. 1985 жылы Берік ағамызбен шаңырақ көтеріп, бүгінде көптеген жас отбасыларға үлгі болып отырған бақытты жанұя. Берік ағамызбен 1 ұл, 2 қызды тәрбиелеп-өсіріп, бүгінде немерелерінің қызығын қызықтап отырған бақытты ата-әже.

Көпжылдық еңбегі еленіп, Роза Сағындыққызы бірнше мәрте аудандық және облыстық деңгейдегі көптеген алғыс хаттармен марапатталған. Биылғы жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» байқауында «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған болатын.

Отбасындағы жылулық пен еңбектегі адалдық – оның өмірінің басты ұстанымы. Роза Сағындыққызының өмір жолы – жас буынға үлгі, еңбекқорлық пен тұрақтылықтың көрінісі.

Кітапханашылар күні қарсаңында руханият саласының майталмандарына айналған кітапханашыларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілей отыра, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Ақжан Байтұрсынова

Сүретті түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сегодня в селе Караменды Наурзумского района состоялось торжественное мероприятие – День работников сельского хозяйства

Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…

12 часов назад

Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)

13 часов назад

В Новонежинке живет женщина, у которой детская мечта так и не ушла вместе с возрастом

Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)

13 часов назад

Инженер Евгений Матаев из Новонежинки о профессии, которой посвящена жизнь

В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…

13 часов назад

В селе Троебратское Узунколького района стало светлее

Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)

13 часов назад

This website uses cookies.