Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Аталмыш байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінің А1 қарапайым деңгейі бойынша жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, 10 минуттық сабақ үлгісін көрсетті. Бұл кезеңде оқытушылардың заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдылары мен шығармашылық қабілеттері бағаланды.

Екінші кезеңде қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиеттануға, терминология саласына қосқан үлесі және қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты сұрақтар қойылды. Оқытушылар өздерінің теориялық білім деңгейін көрсетіп, мазмұнды жауаптар берді.

Үшінші кезеңде А1 қарапайым деңгейіндегі тіл үйренушілерге арналған тілдік дағдылар бойынша (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) жағдаяттық тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар дайындалған билеттер негізінде аудиториямен жұмыс жүргізіп, практикалық шеберліктерін танытты.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған: I – орынды Меңдіқара ауданы, Степанов ауылының қазақ тілі оқытушысы Ақмоншақ Байдрахманова иеленсе,  II – орын Меңдіқара ауданы, Михайлов ауылдық округінің оқытушысы Орнтай Баянбекова, III– орын тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Айгүл Сахинаға бұйырды.

Аталған байқау оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қазақ тілін оқытудағы үздік әдістемелерді насихаттауға үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шара тіл мамандарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

Ақжан Байтұрсынова

Суретті түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Наурзумский государственный природный заповедник в этом году отмечает 95-летие

На территории Казахстана есть множество мест, которые являются достоянием нашей республики, но особняком среди них…

6 часов назад

Денисов ауданы Приречен ауылының шебері шайырды кәдеге асыруда

Приречен ауылының тұрғыны Елена Анненко ерекше әдемі бұйымдар жасайды. (далее…)

10 часов назад

Қарасу тұрғындары ауқымды экологиялық бағдарламаға үн қосты

6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…

1 день назад

Сарыколь отметил 100-летие Назиры Дәулетовой

Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)

1 день назад

В Костанайской области готовятся к посевной кампании

Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…

1 день назад

This website uses cookies.