Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты.
Қостанай қаласында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған оқушылардың облыстық қысқы Гимназиадасы аясында шаңғы жарысынан тартысты сайыс өтті.
Аталған жарыста Меңдіқара ауданы, Каменскорал жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Олеся Костина жоғары нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түсті. Ол классикалық және еркін стиль бойынша екі қашықтықта да үздік өнер көрсетіп, екі сайыста да жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша жас спортшы өзінің табандылығы мен үздік дайындығын дәлелдеп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кету керек, Олеся бұған дейін өткен жарыстарда күміс жүлдегер атанып жүрген болатын. Ал бұл жолғы жарыста үздіксіз жаттығу мен қайсарлықтың арқасында жеңістің ең биік сатысына көтерілді. Бұл – спортшының қажырлы еңбегі мен алға қойған мақсатына деген сенімінің айқын нәтижесі.
Жас спортшының жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Вадим Полониктің қосқан үлесі зор. Бапкердің кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығы шәкіртінің жоғары нәтиже көрсетуіне жол ашты.
Облыстық Гимназиададағы жарқын жеңісінің арқасында Олеся енді Қостанай облысының құрамына қабылданып, оқушылардың Республикалық қысқы Гимназиадасына жолдама алды. Бұл – жас спортшы үшін үлкен жетістік әрі жауапкершілік. Алдағы республикалық жарыста да оның облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсететініне сеніміміз мол.
Осындай мақсатшыл, еңбекқор жастар – еліміздің спорт саласының жарқын болашағы. Олесяның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін береді.
Ақжан Байтұрсынова
Суреттерді аудандық білім бөлімі ұсынды
В чемпионате Костанайской области по қазақ күресі камыстинцы показали высокие результаты. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
В этом году проспекту Абая, 104, стартует строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса. (далее…)
Воспитанницы Камыстинской районной ДЮСШ приняли участие в чемпионате Костанайской области по волейболу среди девочек 2013–2014 годов…
Редакциямызға Айнагүл Қожабаева хабарласып, бауыры Қуанышбай Қиалбековтің өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс білдірді. (далее…)
This website uses cookies.