Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында көшелерді күтіп-ұстау жұмыстарына қаржы қарастырылды. Атап айтқанда, округ аумағындағы ішкі көшелерді қардан тазалау жұмыстарына 5 009 668 теңге, ал жиналған қарды арнайы орындарға шығару қызметіне 1 645 665 теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Аталған қаражат қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Көшелерді уақтылы тазалау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, жауапты мекемелер тарапынан бақылауда болады.
Қарамеңді ауылдық округі әкімі бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті:
«Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен ауыл ішіндегі қозғалыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміздің бірі. Осы мақсатта биыл Қарамеңді ауылдық округінде көшелерді қардан тазалауға және қарды шығаруға жеткілікті қаржы бөлінді. Жұмыстар уақытылы әрі сапалы атқарылып, ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бар күшімізді саламыз. Әрбір көше бақылауда, тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер де ескерілетін болады», – деді округ әкімі Сабыржан Нұрғазин.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны ұсынған Қарамеңді ауылдық округі
Приречен ауылының тұрғыны Елена Анненко ерекше әдемі бұйымдар жасайды. (далее…)
В регионе начали подготовку к посевной. (далее…)
6-сәуірде облыс аумағында екі айға жалғасатын көктемгі санитарлық тазалау іс-шарасы ресми түрде бастау алды.…
Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)
Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)
This website uses cookies.