Науырзым ауданынан шыққан Гүлжазира – шәкірттерін жеңіске жетелеуде

Гүлжазира Жомартқызы Амантаева  – еркін күрестен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия чемпионатының қатысушысы және спорт шебері.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Шаңырақ» шағын ауданында орналасқан республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің аға жаттықтырушысы ретінде шәкірт тәрбиелеуде. Өзінің табанды еңбегімен, адал ниетімен және туған еліне, өңіріне деген шексіз патриоттық сезімімен көпке үлгі.

– Мен 2000 жылдың 14 тамызында дүниеге келдім. Еркін күреспен 2010 жылдан бастап айналыса бастадым. 2013 жылға дейін Қостанай облысының чемпионы атанып, республикалық турнирлерде жүлделі орындар алдым. Осы жетістіктердің нәтижесінде Спорт шеберіне үміткер атандым, – дейді Гүлжазира.

Нағыз спорттық жол 2014 жылы Алматы қаласындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне түскен кезден басталды.

– 2014 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы болдым. 2015 жылы қола жүлдегер, ал 2016 жылы тағы да ел чемпионы атандым. Азия чемпионатына қатысып, халықаралық деңгейде күресіп тәжірибе жинадым, – бөлісті спортшы.

Кейінгі жылдары да ол өзінің тұрақты спорттық деңгейін сақтап, 2018-2022 жылдары Қазақстан чемпионаттарында қола жүлделер иеленді.

– Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған республикалық турнирде чемпион атанып, сол арқылы Спорт шебері атағына қол жеткіздім. 2022 жылы әлем чемпионатына қатысып, бұл жарыстан көп тәжірибе жинадым, – деп атап өтті ол.

Бүгінде Гүлжазира жаттықтырушы ретінде өз мектебінде шәкірт тәрбиелеуде. Оның шәкірттері де жетістікке жетіп жүр.

– Қазіргі таңда мен «Шаңырақ» шағын ауданындағы өзім түлеп ұшқан спорт мектебінде аға жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Шәкірттерімді еркін күрестен ел чемпионатына дайындап, нәтижесінде Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, – дейді Гүлжазира.

2024 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында оның бірнеше шәкірті жүлделі орындарға ие болды.

– Оқушыларымның жеңісі – менің жеңісім. Олардың табысына қарап, өзімнің еңбегімнің жемісін көремін, – дейді кейіпкер.

Сонымен қатар, Гүлжазира шәкірттерін тек ел ішіндегі емес, халықаралық жарыстарға да дайындап келеді. 3–4 мамыр күндері Түркияның Анталья қаласында өткен «Victory Cup» халықаралық турнирінде оның шәкірті Макен Шынайы 3-орын иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады. Бұл – жаттықтырушы еңбегінің тағы бір жарқын көрінісі.

Гүлжазираның Қостанай облысы атынан қатысқан соңғы жарысы – 2024 жылдың 22 қыркүйегінде өткен Спартакиада болды. Бұл беделді бәсекеде ол қарсыластарынан оза шауып, 1-орынды жеңіп алды.

– Маған үнемі Қостанай облысы атынан күресуге ұсыныс түседі, мен ешқашан бас тартпаймын. Себебі бұл менің туған өңірім, менің жүрегім. Қай жерде болсам да, туған өлкеме адалмын, – деп қорытындылады спорт шебері.

Гүлжазира Амантаева – тек спорттағы табандылық пен қайсарлықтың ғана емес, ұстаздық пен өңірге деген патриоттықтың үлгісі. Оның өмір жолы жастарға бағыт берер айқын бағдар.

Асем БАЙКАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

1 час назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

19 часов назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

19 часов назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

20 часов назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

20 часов назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

20 часов назад

This website uses cookies.