Науырзым ауданында Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына «Тәуелсіздік — ұлтымыздың ұлы құндылығы» атты кітап көрмесі өтті

Тәуелсіздік – бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық аңсаған арманы мен азаттық жолындағы күресінің жеңісі.

Біз бұл егемендікке Желтоқсан қаһармандарының рухы мен ел үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігі арқылы қол жеткіздік.
Бүгін аудандық орталық кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құңдылығы” атты кітап көрмесі өтті. Осы айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тілеубергенов ұатысып, Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығымен құттықтады.

Бүгінгі көрменің ашылуы еліміз дамудың жаңа белесіне қадам басқан айтулы кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2026 жылға арналған Жолдауында еліміздің саяси жаңғыру жолын біржола бекітіп, экономикалық реформаларды тереңдетуді басты міндет етіп қойды. Биылғы жылдың басты ерекшелігі — Президенттің шешімімен «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жариялануында. Сондай-ақ, 2026 жыл — Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде Қазақстанның бастамасымен «Халықаралық еріктілер жылы» болып белгіленді. Осы орайда ұйымдастырылған көрмеміз Тәуелсіздік шежіресін бүгінгі заманауи жетістіктермен сабақтастырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл кітап көрмесі жыл соңына дейін оқырман қауымға таныстырылады.

-Көрме мазмұны Ұлттық құрылтай идеясы мен Тәуелсіздік шежіресін өзара сабақтастыра отырып, үш негізгі сөре арқылы оқырман қауымға ұсынылып отыр. І сөре – «Тәуелсіздік шежіресі. Ұлттық құрылтай тағылымы» Бұл алғашқы сөре – елдік ойдың бастау көзі, тарихи сабақтастықтың айнасы. Сонымен қатар, бұл сөре Ұлттық құрылтайдың маңызымен тығыз байланысты.

Құрылтай – халқымыздың ежелден келе жатқан кеңес құру, ортақ ой айту, ел тағдырын бірге шешу дәстүрінің жалғасы. ІІ сөре – «Тәуелсіз Қазақстан: күннен-күнге». Екінші сөре – тәуелсіз елдің өсу, өркендеу, жаңару жолын бейнелейтін айқын көрініс. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір жетістігі – ел бірлігінің, тұрақтылық пен сенімнің нәтижесі екенін осы кітаптар айқын дәлелдейді. ІІІ сөре – «Елдік ерлік – ұрпаққа аманат». Үшінші сөре – рух пен намысқа, ерлік пен елдікке арналған тағылымды бөлім. Жас ұрпақ үшін бұл – отансүйгіштікке, жауапкершілікке, ел тағдырына бейжай қарамауға үндейтін рухани мектеп, – аудандық кітапхана оқырман залының кітапханашысы Әйгерім Аралбаева.

-Осы көрме арқылы бүгінгі жастарға кешегі тарихымызды тереңірек танытып, өткеннің өнегесін ұғындыру – басты мақсат. Тарих қойнауында жатқан құндылықтар мен елдік рухты сезіну жас ұрпақтың санасына отансүйгіштік пен жауапкершілік дәнін егеді. Көрмеде ұсынылған кітаптар мен деректер арқылы жастар ата-бабамыздың жүріп өткен жолын, ел үшін атқарған еңбегін көріп, болашаққа нық қадам басуға жігер алады. Өткенін білген ұрпақтың ертеңі берік болмақ, сондықтан мұндай тағылымды шаралардың маңызы зор, – деді Науырзым аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы директоры Данияр Тасанов.

Сонымен қатар, кітап көрмесіне тәуелсіздік құрдастары да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Олар ел тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен рухани құндылықтар туралы пікір бөлісіп, өз буынының жауапкершілігін сезінетінін жеткізді.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдықтар ұлық мерекеміз наурызды тойлады

Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)

10 часов назад

Наурыздағы бәйгеде Өлеңді ауылы топ жарды

Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…

10 часов назад

Торғайдағы Ақкөл ауылы Наурызды бұрынғының салтымен қарсы алды

Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)

11 часов назад

Науырзым ауданы: Наурыз мейрамы аясында дәстүрлі «Алтын бауырсақ» фестивалі өтті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…

11 часов назад

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

1 день назад

Умеют узункольцы креативно и с пользой для дела помочь сельчанам

Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…

2 дня назад

This website uses cookies.