Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды.

Бүгін аудан әкімі Мәди Ихтиляпов ауданымыздың батыр аналарына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыс етті.

Бұл күні Жұлдыз Бияхметова «Алтын алқа» иегері атанса, Нұргүл Ерінбаева мен Динара Күлсейітова «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі мен ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы. Дүниеге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеу жолында қажыр-қайратын жұмсап жүрген көпбалалы аналардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Мемлекеттік наградалар – аналардың отбасындағы ерен еңбегіне, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігіне көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Марапат иелерінің бірі қуанышымен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

«Бүгін мен үшін ерекше қуанышты күн болды. Көпбалалы ана ретінде еңбегіміздің еленіп, мемлекет тарапынан осындай құрметке ие болуымызға қуаныштымын. «Алтын алқа» алу – мен үшін үлкен мәртебе әрі ана ретіндегі еңбегіме берілген баға деп білемін. Бала тәрбиесі оңай емес, әрқайсысының амандығын тілеп, жақсы азамат болып өсуіне бар күшіңді саласың. Балаларымыздың қызығын көріп, отбасымыздың амандығына куә болудан артық бақыт жоқ. Бүгінгі марапатты табыстаған аудан әкімі Мәди Ихтиляповқа және аналарға құрмет көрсетіп отырған мемлекетімізге алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Барлық анаға денсаулық, отбасыларына береке, ұрпағының қызығын көруді тілеймін», – деді Жұлдыз Бияхметова.

Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық, балаларына бақ-береке тіледі.

Батыр аналардың мерейін үстем еткен бұл марапат – ана еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі. Әр шаңырақтан шаттық кетпей, аналарымыз ұрпағының қызығын көріп, аман-есен жүре берсін!

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор

admin

Поделиться
Опубликовал
admin

Недавние новости

Жангелдин ауданында кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді

Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)

2 часа назад

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

3 часа назад

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

3 дня назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

3 дня назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

3 дня назад

This website uses cookies.